• Главная
  • "Тұлпар-Тальго" пойызындағы зорлау ісі қайта қаралмақшы
11:45, 31 июля 2019 г.
Надежный источник

"Тұлпар-Тальго" пойызындағы зорлау ісі қайта қаралмақшы

"Тұлпар-Тальго" пойызындағы зорлау ісі қайта қаралмақшы

Қостанай қаласында "Тұлпар-Тальго" пойыздағы жолаушының зорлау фактісі бойынша сот шешімі шықан еді. Айыпталушы жолсеріктер 2 жарым жыл бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл жазаға келіспейтін зардап шегуші тараптың өкілі сот шешімін қайта қарау үшін аппеляцияға берді, деп хабарлайды City04.kz.

Республикалық-қоғамдық "Не молчи.KZ" қозғалысының көшбасшысы әрі жәбірленушінің сенімді өкілі Дина Смаилова сотталушыларға шыққан шешіммен келіспейтінін айтты.

Соттың аса жеңіл жазасы ҚР Президентінің атына, Бас прокурордың атына, сондай-ақ парламенттің атына жазылған жалпы қазақстандық петицияның жасалуына себеп болды.

Қоғам белсендісі бұл петицияда зорлық-зомбылық әрекеттері үшін айыпталған адамдарға қатысты заңнаманы қатаңдатуды талап етті.

Смаилованың сөзінше, олар аталған баптың ауыр қылмыстар бөліміне ауыстырылуын талап етеді. Тағы бір талап - осы бап бойынша қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы мәліметтердің жариялануы болды.

Белсенді ел тұрғындары зорлық әрекеті үшін қамалғандардың аты-жөндерін білуге құқылы екенін айтты.

Дина Смаилова шығарылған үкімді әділетсіз деп есептейді.

"Біз сөзсіз аппеляциялық шағым түсіреміз", - деді Смаилова.

 Кейін "Қазақстан Темір Жолы ҰК" АҚ басқарма басшысының орынбасары Қанат Әлмағамбетов ел арасында шу тудырған пойызда қыз зорланған жолсеріктер оқиғасына қатысты пікір білдіріп, көпшілік алдында кешірім сұрады.

"Шу тудырған оқиға бойынша мен ҚТЖ мен өз атымнан кешірім сұраймын. Біз қатты өкінеміз. Олар жолаушыларды қауіпсіз тасымалдаудың орнына мұндай қылмыс жасады. Оқиғадан жолаушы қыз ғана емес, біздің жолсеріктер мен қызметкерлердің беделі зардап шекті.
Біз оларды соттаса, дұрыс болады деген ойдамыз. Сот әділ шешім қабылдайтынына сенеміз" , - деді Әлмағамбетов.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#тулпар тальго #новости казахстана #новости актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...