• Главная
  • Бекшин: Егер оқушының кітабы ауыр болса жалған оқулық болғаны
17:30, 1 августа 2019 г.
Надежный источник

Бекшин: Егер оқушының кітабы ауыр болса жалған оқулық болғаны

Бекшин: Егер оқушының кітабы ауыр болса жалған оқулық болғаны

Қағаз санитарлық талаптарға сай болуы керек.

Егер балаңыздың кітабы ауыр болса, онда ол жалған оқулық болғаны. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин орталық коммуникация қызметінде ата-аналарға оқулықтың салмағы қанша болатындығын хабарлады, деп жеткізеді City04.kz.

Оның мәлімдеуінше бірінші және үшінші сыныптың оқулықтары 300 граммнан аспауы керек. Ал 5-6 сынып - 400 сынып, 7-9 – 500 грамм, жоғары сынып– 600 граммов.

- Көбіне жәрмеңке мен базар сөрелерінде сатылатын жалған оқулықтармен кездесеміз. Сондай кезде "ауыр кітаптар қайдан келген" деп таң қаламыз. Бірақ онда стандартты емес қағаз қолданылады. Негізінде қағаз санитарлық талаптарға сай болуымен қатар кітап беттеріндегі шрифттер нақты орналасуы керек. Бұл кішкентай нәрсе болып көрінгенімен бала денсаулығына әсері бар,- деді санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.

Сондықтан Бекшин базар сөрелеріндегі кітаптан емес арнайы оқулық дүкендерінен алған кітапты сатып алған дұрыс деп кеңес береді.

Бұған қоса ол үкімет тарапынан мектептерде оқулыққа арналған шкафтар мен спорттық киім, екінші аяқ киімді жасақтау бағдарламасы іске қосылғанын ескертті.

- Бұл үшін арнайы жұмыстар жүргізілуінің нәтижесінде 45% мектептер сынып бөлмелерінде оқулықтарға арналған сөрелер, спорттық киім мен екінші аяқ киімді жасақтады. Алдағы оқу жылындағы бұл іс аяғын табады деп ойлаймын,- деп қорытты ол.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #поддельные учебники #бекшин

Комментарии

Объявления
live comments feed...