• Главная
  • Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
14:30, 2 августа 2019 г.
Надежный источник

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін  Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің  қатысуымен Ақтөбе облыстық мәслихатының  кезектен тыс  ХХХVІІ сессиясы өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Онда депутаттардың қарауына Ақтөбе облыстық әкімдігімен «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» мәселесі енгізілді. Аталған мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы  басқармасының  басшысы Дастан Аманов баяндама жасады.

Депутаттар тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарын қарап, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар , «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар,көпбалалы отбасылар,  толық емес отбасылар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарда қызмет ететін қажетті мамандар жатады.

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин  өңір тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі  басты назарда екенін жеткізді.
- Облыстағы  аз қамтылған, және әлеуметтік топтағы, көп балалы аналардың  баспаналы болуына  қолдау  көрсетіліп келеді, алдағы уақытта  осы жұмыстарды  өздеріңізбен бірлесіп жалғастырамызт  деген сенімдемін», -деді облыс әкімі.
Қорытындысында құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жөніндегі комиссияның төрағасы Хайдар Ілиясов жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй сертификаттарын ақтөбеліктердің ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуы кезінде әлеуметтік көмек немесе бюджеттік несие  түрінде қолдау ретінде ұсынатынын атап өтті.
Тұрғын үй сертификаттарын беру жергілікті бюджеттерде көзделген тиісті қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Аталған мәселелер бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының  шешімі қабылданды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...