• Главная
  • "Қазақстандық немісті" сириялық қылышпен бауыздап тастады. ҚР СІМ түсініктеме берді
16:30, 2 августа 2019 г.
Надежный источник

"Қазақстандық немісті" сириялық қылышпен бауыздап тастады. ҚР СІМ түсініктеме берді

"Қазақстандық немісті" сириялық қылышпен бауыздап тастады. ҚР СІМ түсініктеме берді

Белгілі болғандай, ер адамдар бір пәтерді жалға алып, бірге тұрып жатқан.

Mash Telegram каналы Германияда Сириядан келген 28 жастағы босқын қазақстандық немісті қылышпен бауыздағаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды City04.kz.

Оқыс оқиға Штутгарт көшесінде болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қанішердің құрбаны Қазақстаннан келген 36 жастағы неміс болса керек. Көп ұзамай қылмыскер ұсталды. Ол Сириядан келген мигрант болып шықты.

Белгілі болғандай, ер адамдар бір пәтерді жалға алып, бірге тұрып жатқан. Араларында не болғаны белгісіз. Кейбір мәліметтер бойынша, қылышын жалаңдатқан босқын оған: "Неге істедің, деймін" деп айғайлапты.

Неміс полициясы қаскөйді тікұшақтың көмегімен ұстағанын хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан келген немісті өлтіріп кету оқиғасына қатысты түсініктеме берді. Олар неміс полициясының Франкфурт-на-Майндағы бас консулдығына берген ақпаратына сүйене отырып, марқұмның Қазақстанға мүлдем қатысы жоқтығын мәлімдеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...