17:13, 7 августа 2019 г.
Надежный источник
#Birge #TazaQazaqstan: Ақтөбе даласы тазарды ма?
#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясының Ақтөбедегі нәтижесі.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың 20 шілдесінде еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтаннан бастау алған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы Ақтөбе өңірінде жалғасын тапқан болатын. Аталмыш шараның басы қасында жүрген City04.kz сайт редакциясы қорытынды нәтижесімен бөліспек.
Алғашқылардың бірі болып экологиялық акцияға қолдау білдірген Ақтөбеліктер қала шетіндегі өзен жағасында шілде айының 25-і күні кездескен еді. Жұмысқа белсенді жастардан бөлек өңірлік шенеуніктер, кәсіпкерлер, тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандар да білек сыбана кірісіп кетті.
Аталған шара аясында алдағы күндері Ақтөбенің 10 аумағында яғни, «Ақжар» көпірінің маңы, «Қарғалы» өзені аумағы, «Қызылжар» елді мекеніндегі «Жаман Қарғалы», «Ақтөбе» суқоймасы маңы, «Елек», «12 м/а», «Сазды» өзені, «Малбазар», «Пригородный» аудандары, «Кривое» көлінен «Елек» өзендерінің айналасына дейінгі аймақтарда әр сенбі осындай тазалық жұмыстары жүргізілді.
Алдымен өзен жағалауларын, атап айтқанда Қарғалы өзенің маңын тазалауға шыққанымызда табиғат аясына шығушылардың табиғатқа деген немқұрайлығын көріп жанымызға ауырлық түсті.
Себебі, барша Ақтөбе жұрты демалатын аумақты, барша Ақтөбе өңірі жұтатын ауаны ластау барып тұрған көргенсіздік деуге саяды.
Демалыстарын табиғат аясында өткізген осыншама қоқыс иелері жердің, елдің болашағына ғана емес өз болашағына да балта шауып отырғанын аңдамай кеткені тағы бар. Бұлай дейтініміз, олар бүлдірген экология келешек ұрпақтарының денсаулығына әсер ететіндігін естен шығарып алғаны.
Осындай күйінішпен ауыр ойға батсақ та, көңіліміз жақсы ниетке бұрылып, туған жеріміздің қайтадан гүлдене, жайқала түсетіндігіне еш күмәніміз болды. Сондай бір алып емес қарапайым пейілмен игі іске кірісе кеткен әрбір қатысушы мойындарына дәл осы үмітті арқалап, еш аянбай еңбек еткенін көзімізбен көріп қайттық.
Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин.
Бұл бастамасы болса да "Таза Бейсенбіден" істі тез атқарып, "Таза Сенбілікке" жол тартқанша асықтық.
Арасы бір ғана күн болса да, барша жұмысын жиып қойып сенбілікке депуттар мен министрлерден бөлек белсенді жастар ағылды.
Табиғатты тазалау кезегі әр басқан қадамыңнан көрінген, күні бес жылдан аспаған иелігі адам, қоспасы табиғатқа сай емес "жайқала" жатқан қоқысқа толы "әсем" даламызға да келіп жетті.
Шаңды аспанға көтере түскен желдің кедергі болуына қарамастан акцияның жүзеге асуына шын берілгендер қолдарына бір-бір қапшықтан алып, Қызылжар елді мекенінің адам аяғы басқан, бірақ жиналмаған даласын жинауға кірісті.
Бар болғаны екі сағаттан соң камаз-камаз қоқыстар "әсем" табиғатты шынымен әсем қылу үшін жайына тастап кете барды.
Барша Қазақстан болып бірлесе өткізілген ел болашағына маңызы бар шараның Ақтөбе табиғатындағы тәмәмі қысқа ғана бейнетүсірілімде.
P.S. Қап, қоқыстан "уфф" деп арылған әсем табиғатымыздың кейпін көріп манағы түрінен әлдеқандай әсемшілік байқаған біздің таңырқай тартқан көңіліміз қолымызға фотоаппарат алдыруды ұмыттырды да қимай қоштасуға ғана жол беріпті.\
P.S.S. Дегенмен, Ақтөбе жұртын осы игілікті істің ырысты нәтижесін тамашалауға, әрі табиғат аясында серуендеуге жол сілтедік.
Дайындаған Ақнұр ҚУАНЫШ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
15:32, 26 ноября
13
live comments feed...
Комментарии