• Главная
  • "Біз террорист емеспіз!" Қырғызстан президенті Қауіпсіздік кеңесін жинады.
10:00, 8 августа 2019 г.
Надежный источник

"Біз террорист емеспіз!" Қырғызстан президенті Қауіпсіздік кеңесін жинады.

"Біз террорист емеспіз!" Қырғызстан президенті Қауіпсіздік кеңесін жинады.

Қауіпсіздік кеңесінің жиналысы баспасөздің қатысуынсыз өтпек.

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесімен жиналыс өткізбек, деп хабарлайды City04.kz.

Жиналыста күн тәртібіндегі сауал "2019 жылдың 7 тамызында орын алған оқиғаға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқық қорғау тәртіптерінің сақталуы" қаралатын болады делінген Қырғызстан президентінің ресми сайтындағы мәліметте.

Баспасөз қызметі жиынға қатыспайтындығын да ескерте кеткен.

Бұдан бұрын, Жээнбеков Ыстық көлде еңбек демалысында екендігі мәлім болған еді. Бірақ экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қатысты "дауылдың" орын алғаны туралы хабарды естігеннен кейін Бішкекке қайтып келген.

Атамбаевтың резиденциясына шабуыл

7 тамыз күні кешке Бішкектен 20 шақырым жерде орналасқан Қой-Таш ауылындағы Атамбаевтың үйінде атыс болғаны туралы белгілі болып, күш көрсетушілер Атамбаевтың үйіне кіре бастағаны туралы хабар жетті. Олар Атамбаевтың үйінің территориясына баса көктеп кіріп оқ жаудыра бастаған. Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше олар резеңке оқтарды қолданған.

Атамбаевтың жақтастары күш көрсетушілерге жауап ретінде үйге қарай енді. Сторонники Атамбаева в ответ на действия силовиков проникли в дом. Кейін белгілі болғандай, олар спецназдарды кепілдікке алып қалған. 

Президенттік дәрежесінен айырылған бұрыңғы Қырғыз басшысын ұстау жүзеге аспапты.

Атамбаевтың мәлімдеуі

Оның айтуынша, спецназдар резеңке оқтан бөлек әскери қару да қолданған. Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше олар резеңке оқтарды қолданғаны жөнінде мәлім етсе де.

- Күш көрсетушілерге айтарым: Өз жұрттарыңа оқ атпаңдар! Бұл сендер үшін жаман аяқталады. 

- Бүгін мені ұстап әкетуге іс-қимылдар болды. Бірақ өкінішке орай бейбіт тұрғындар жап шекті. Себебі, құрықтау жұмысына "Альфа" антитеррорлық жасағы жіберілген еді. Біз террорист емеспіз. Мен де менің үйімнің айналасындағы бейбіт адамдар да!- деді Алмазбек Атамбаев.

Атамбаев өз бейне мәлімдеуінде кінәсіз адамдар зардап шеккеніне қапалы екендігін жеткізді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#АТАМБАЕВ #ЖЭЭНБЕКОВ #КЫРГЫЗСТАН #ТОҚАЕВ #НАЗАРБАЕВ #НОВОСТИ КЫРГЫЗСТАНА #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...