16:00, 8 августа 2019 г.
Надежный источник
Облыс басшысы Ақтөбедегі «Аяла» балаларды оңалту орталығында болды
Оңдасын Оразалин орталықты аралау барысында церебральді сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын балаларға арналған заманауи технологиялар және орталықтың алдағы жоспарларымен танысты, деп хабарлайды City04.kz.
2018 жылы жұмысын бастаған "Аяла" МКК балаларды оңалту орталығында БЦС, нейро, кардио, травмопатологиясы бар балаларға үздіксіз оңалту мүмкіндігін ұсынады. Бұл ретте мамандардың қызметі жан-жақты сипатқа ие және балалар мен олардың ата-аналарына бірыңғай оңалту кеңістігін құруға бағытталған. Орталық ғимаратының өзі балалардың шектеулі қабілеттерін ескере отырып салынған.
Мұнда айына 90 балаға амбулаториялық оңалту бөлімшесі, физиотерапия, жаттығу залы,бассейн, баланың миындағы клеткаларды оятуға, шартты рефлекстерді қайта қалыпқа келтіруге арналған сенсорлық бөлме, аллергияға қарсы иммунитетті дамытуға арналған тұзды шахта, монтесорри, дәлме-дәл қимылдарды дамытуға арналған «Девирта» - виртуалды дельфинотерапия кабинеті, логопед және сурдолог кабинеттері жұмыс істейді.
Заманауи жабдықтар Ресей, Швейцария, Чехия, Польшадан жеткізілген. Жабық бассейннің көлемі 15-15 метр жүзу тереңдігі 1-1,5 метрді құрайды.
Ыңғайлылық үшін тұтқалармен, қажетті құрал-жабдықтармен, суда әр түрлі бағыттағы сабақтарды өткізу үшін акватренажерлермен жабдықталған.
Орталықтың ерекшелігі сол бассейн, қозғалтқыш функцияларын қалпына келтіруге арналған стандартты "Ремиокор", локомоторлы терапияға арналған биологиялық-кері байланысы бар кешендер, жаттығу үстелі, батыс өңірі бойынша жалғыз осы орталықта кезедеседі.
Жоғарғы санатты, тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды.
Алдағы уақытта «кардиология және кардиохирургия", "неврология және нейрохирургия", "травматология және ортопедия" бейіндері бойынша стационарлық және амбулаториялық оңалту көрсетуді жоспарлап отыр.
Аймақ басшысы сауықтыру орталығының жұмысына оң бағасын берді. Орталықтың бас дәрігері Жолдас Қамбаровқа ерекше күтімді қажет ететін балаларға көрсетілетін медициналық көмекті бұдан да жоғары деңгейде көрсету қажеттігін тапсырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии