09:00, 9 августа 2019 г.
Надежный источник
Құрбан айтқа орай халыққа демалыс беріле ме
Биылғы Құрбан айт жексенбіге – 11 тамызға түсіп отыр.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Қанат Құлшаманов өзінің Facebook-тегі парақшасында Құрбан айт діни мерекесіне орай не себепті қосымша демалыс күні берілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды City04.kz.
"Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заңның 5 бабына сәйкес, Қазақстанның мереке күндері демалыс күндері болып табылады. Мереке күні демалыс күнімен сәйкес болған жағдайда, мерекеден кейінгі күні демалыс беріледі.
ҚР Еңбек кодексінің 84 бабына сәйкес, Құрбан айттың алғашқы күні демалыс күні болып табылады.
- Биыл Құрбан айттың бірінші күні жексенбіге – 11 тамызға түсіп отыр. Алайда Құрбан айт мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізімінде жоқ, сондықтан "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заң нормалары Құрбан айтқа жүрмейді. Сол себепті Құрбан айт жексенбіге түсіп қалса, одан кейінгі келесі күнге демалыс берілмейді, - деп түсіндірді ол.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
13
live comments feed...
Комментарии