• Главная
  • Батырлар мекені: Өрт сөндірушілердің оқу-жаттығулары қалай өтеді?
13:00, 10 августа 2019 г.
Надежный источник

Батырлар мекені: Өрт сөндірушілердің оқу-жаттығулары қалай өтеді?

Батырлар мекені: Өрт сөндірушілердің оқу-жаттығулары қалай өтеді?

Ақтөбе гарнизонының жаттығу полигонында от жолағынан өтуден көрініс өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Елді мекендерден алыс даладағы ашық алаңдағы түтін, коркынышты от жалындары, оқу-жаттығу объектісіндегі жаттығулар, қатысушылардың қозғалысы кинодағы көрініске немесе құмырсқаның илеуіне ұқсағандай болып көрінеді. Бірақ  онда әр офицер  өз міндеттерін айқын орындап жүргенін көруге болады.

Бұл кедергілерден өтуге арналған кешенді тактикалық жаттығулар болды. Оған Ақтөбе қаласының өрт сөндіру қызметінің барлық офицерлері және қайта құрылған Қызметтің өрт-құтқару бекеттерінің құтқарушылары қатысты.

Жаттығуда Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д. Ермағамбетов командалық бекеттен емес, әр тапсырманың мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, жеке құраммен бірге кедергілерден өтуге арналған от жолағында жаттығуды бірге өткізді. Жаттығудың басты нысаны - жедел құтқару жасағының жеке құрамы болды. Олар психологиялық дайындықты өрт аймағынан алғаш рет өткізді. Жаңа жауынгерлер от жолағынан кедергісіз өтулері үшін, өрт сөндірушілер орталарына құтқарушы қызметкерлері қойылды.

Тактикалық жаттығулар үшін жабдықталған полигонда оқу-жаттығуларына қатысушыларға от жолағынан тура өту жолдарында кедергілер болатын объектілер орнатылған. Бұл үш қабатты үйдің металл фрагменті, кедергілері бар жер асты лабиринті,жанып жатқан шұңқырдың үстіндегі трап, бұзылған темір жол цистернасыныңфрагменті.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылар тұрғын үй массивіндегі өрттерді сөндіруді, автокөлікте авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді, орман алқабына таралу қаупі бар дала алқаптарының жануын сөндіруді пысықтады.

Полигондағы оқу-жаттығу өрт сөндірушілердің кәсіби міндеттерін орындау кезінде кездесетін жағдайға жақын болып келеді. Қызметке жаңадан қабылданған құтқарушылар үшін, әсіресе алғашқы жылында, отқа оранған ғимаратқа кіру оңай емес.Қорқыныш пен үрейді жеңу үшін үнемі жаттығу керек.

Өрт сөндіру деп аталатын психологиялық даярлаудың кедергі курсы - бұл өрт сөндірушінің батылдығын арттырудың бір шарты болып табылатын жаттығу.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...