15:00, 16 августа 2019 г.
Надежный источник
Ақтөбелік инженер Ақжар ауылына құны 25 млн болатын спорт мектеп салмақшы
Жақында "ERG City" әлеуметтік жобалар байқауы аяқталып, компания қызметкерлері, зауыт жұмысшылары өздерінің туған қалаларында маңызды мәселелерді шешетін жобаларды ұсынды. Сол жоба аясында Ақтөбелік Ержігіт Еркінбайұлы 10 миллион теңге қаржы ұтып алып, өз діттеген мақсатына қол жеткізбек. Осыған орай Ержігіттің не үшін спорт мектебін салуға құлшынысы болғаны жайында City04.kz тілшісі тарқатады.
- Ақтөбе ферроқорытпа зауытында 5 жылдан бері істеп келемін. Алғашында темір ұстасы болдым. Кейін механика мастері, қазір инженер болып қызмет атқарамын,- дейді жобасы жеңіске жеткен Ержігіт Еркінбайұлы.
Люксембургте тіркелген Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») компаниясы, табиғи ресурстарды дамыту бойынша интеграцияланған тау-кен, металлургиялық, энергетикалық, транспорттық және маркетинг қызмет түрлерімен жетекші әртараптандырушы компания болып табылады.
Бүгінгі күні Eurasian Resources Group ең ірі феррохром өндірушісі, сондай-ақ әлемдегі темір кенін және алюминий тотығын негізгі өндірушісі болып табылады. Eurasian Resources Group өндіру активтері мен кен орнын дамыту жобалары төрт құрлықты қамтиды, Компания сондай-ақ саладағы ең ірі жұмыс беруші болып табылады. Әлем бойынша Топтың 80 мыңнан астам қызметкері бар.
Аталмыш компания ұйымдастырған "ERG қала" байқауы әлеуметтік тиімді тұстарымен ерек болып келеді. 3 айға созылған сайысқа қатысқан Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 28 жастағы сенімді инженері Ержігіт Еркінбайұлы Ақжар ауылында балаларға арналған спорт ғимаратының жобасын жасады.
Ол алдымен Қазақстан бойынша 250 бақсынаушылардың ішінен іріктеліп, кейін үздіктердің үздігі болып алдымен жоба жетекшілерінің кейін бұрыңғы қала әкімі Ильяс Испановтың алдында қорғалып, қолдауға ие болды.
Жас инженер-спортшы, Ақжар ауылының балалары бір жолдың 5-6 шақырымынан өтіп, Жилянкадағы спорт клубына барғанын көріп олар үшін жаңа ғимарат жобасын жасауға шешім қабылдады.
- Өзім Қандыағаш қаласында тұрғанымда спортпен шұғылданатын жағдай болмай қынжылатынмын. Спорт мектеп менің үйімнен алыс орналасты. Қатынау қиынға соқты. Сондықтан қатынап болса да қатысып жүрген Ақжар ауылының балаларын жақсы түсінемін. Олар қолайсыз жағдайға қарамастан Жилянка мекеніне барып шынығып жүрді. Дегенмен, Қазақстан бойынша түрлі жарыстардың жүлдегері болып үлгерді. Сондықтан да, олардың бойынан зор үміт күтемін. Олимпиада чемпионы болатынына сенімдімін,- дейді Мұғалжар өңірінің тумасы Ержігіт.
«ERG City» байқауы қаланы дамытуға арналған әлеуметтік жобаларды қаржыландыру қарастырылған. Соның арқасында қаланы көркейтуге үлес қосушылар өз идеяларын жүзеге асыра алады.
Қаланың әкімі Мавр Абдуллин 28 жастағы жігіттің жұмысынан мысал келтіріп, қаланың дамуына қосқан үлесі үшін диплом тапсырды.
- Біз осындай жобалардың бастамашысы болған жастарды әрдайым қолдаймыз. Ел сізге не бере алатыны туралы емес, сіз елге не бере алатыныңыз туралы ойланыңыз, - деп қала басшысы әлеуметтік белсенділікке шақырды.
Байқау өз мәресіне жетті. Іске асуға лайық деген жобалар жеңіске жеттік. Ендігі қалғаны сол жобалардың ойлағандай болып шығуы.
Жобаны жұмыс істетуге бөлінген қаржы 10 миллион. Алайда ол жобаның жалпы құның өтемейді екен. Ержігіт Еркінбайұлы сол себептен де қала әкімдігінен қолдау тапқандығына қуанышты. Себебі жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде алдағы уақытта жергілікті кәсіпкерлер тарапынан да қолдау болатынына үміті мол.
Жалпы құны 25 миллион тұратын спорт мектептің құрылысы қаражат жиналған бойда басталмақ.
Көмек қолын созуға әзір жергілікті кәсіпкерлер назарына ашылған жинақ қорын ұсынамыз.
- KZ956010121000043293
- Ержігіт Еркінбайұлы +7 702 571 3433
Ақнұр ҚУАНЫШ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
13
live comments feed...
Комментарии