• Главная
  • Ақтөбелік "Болашақ " бағдарламасының түлектері мемлекеттік қызметте сұранысқа ие
09:27, 26 августа 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік "Болашақ " бағдарламасының түлектері мемлекеттік қызметте сұранысқа ие

Ақтөбелік  "Болашақ " бағдарламасының  түлектері мемлекеттік қызметте сұранысқа ие

"NurOtan" партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы "Болашақ" стипендиялық бағдарламасының әлеуетін атап өтіп, елорда әкімі Алтай Көлгіновті үлгі ретінде атап өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Айта кету керек, бүгінгі таңда өңірлерде мемлекеттік қызметте "Болашақ" бағдарламасының түлектері, соның ішінде негізгі позицияларда  еңбек етуде.

     Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметтің әр саласында "Болашақ" бағдарламасының 4 түлегі қызмет етуде. Олардың қатарында басқарма басшысының орынбасары да, аудан әкімі де, қатардағы мамандар да бар.

Мысалы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Нұрхан Тілеумұратов осы басқарманың бөлім басшысы лауазымында қызмет етіп жүрген кезінде, 2016 жылы Уорик Ұлыбританиялық университетіне түсуге мүмкіндік алып, "кәсіпкерлік және инновация" магистрі атанды.

Басқарма басшылығының айтуынша, Н.Тілеумұратов өз міндеттерін орындау кезінде шетелде алған білімдерін кеңінен пайдаланып, жауапты шешімдерді қабылдау кезінде үнемі ұтымды тәсілдер қолданады.

Бүгінгі күннің талабына сәйкес, бағдарлама түлектеріне оқу аяқталған соң өз білімдерін еліміздің өркендеуіне пайдалану үшін бірегей мүмкіндіктер ашылуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #БОЛАШАҚ БАҒДАРЛАМАСЫ #ТІЛЕУМҰРАТОВ

Комментарии

Объявления
live comments feed...