• Главная
  • Жолдауға үндеу: Шағын кәсіпкер салықтан босатылды
13:00, 2 сентября 2019 г.
Надежный источник

Жолдауға үндеу: Шағын кәсіпкер салықтан босатылды

Жолдауға үндеу: Шағын кәсіпкер салықтан босатылды

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен басталған «Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының мақсаты – Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру.

Ауданымызда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жұмыссыздарды кәсіпке баулу , жас кәсіпкерлердің кәсіптерін кеңейтуге бағытталған «Бастау» жобасы 2017 жылғы сәуір айынан бері жүзеге асырылып келеді.

Бұл жобаға деген ауыл тұрғындарының қызығушылығы өте жоғары болды . 2017-2018 жылдары «Бастау» бағдарламасының курсына 174 адам оқыту жоспарланып, 174 адам толығымен оқуды аяқтады. Төрт кезең бойынша 82 адам өз жобасын қорғап, 79 адам өз жобалары бойынша «Іскер» бағдарламасынан жеңілдетілген пайызбен 258,8 млн тенге несие қаржысы алынды.

Несие қаржысы негізінен мал шаруашылығы бағытына, сонымен қатар жылыжай, құс өсіру, кафе ашу, шаштараз, тігін, жихаз жасау, такси қызметтерін іске асыруға жұмсалды.

Биылғы 2019 жылы «Бастаудың» әрбір сабағына қатысып, кәсіпкерлік негіздерінен дәріс алған 70 тыңдаушылардың 39-ы бизнес жоба қаржыландырылуға ұсынылып, жеке кәсіпкер өз кәсіптерін бастап кетті.

Бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының төрінде ел президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауындағы шағын кәсіпкерлікті табыс салығынан 3 жылға босатылу өз кәсібін бастаған «БАСТАУЛЫҚТАР» үшін өте қажетті үлкен қолдау және аяққа тұрғанша жәрдем деп білеміз. Сенімді және заңды тыңдай білетін біздің бизнес өкілдері ел сенімінен шығады.

“Атамекен” кәсіпкерлік палатасы мемлекеттік емес ұйым ретінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бұл шараларды жүзеге асыруға әзір. Біздің алдымызда тұрған мақсат ортақ.

Бұл мақсат - халықтың тұрақты табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру мен шағын және орта бизнесті дамыту. Бірлесіп атқарар жұмыс ел экономикасына, халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне оң әсерін тигізетініне сенімім мол!

Шамиева Гүлнар Асқарқызы – «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы Ырғыз аудандық филиал директоры.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости актобе #новости казахстана #токаев

Комментарии

Объявления
live comments feed...