16:30, 4 сентября 2019 г.
Надежный источник
Ақтөбеліктер Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдайды
Сәрсенбі, 4 қыркүйек күні облыс әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған облыстық активтің мәжілісі өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен кеңейтілген актив жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов арнайы келіп қатысты.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер басшылары, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, БАҚ, үкіметтік емес, этномәдени ұйымдар өкілдері мен жетекшілері, ақпараттық топ мүшелері қатысты.
Актив жұмысы барысында өңір басшысы Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басымдықтарға кеңінен тоқталып өтті.
- Күні кеше Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына өзінің алғашқы Жолдауын жариялады. Бұл Жолдауда Президент еліміздегі саяси қайта құру кезең-кезеңімен мемлекет пен халықтың мүдделерін ескере отырып жүргізілетінін атап өтті. Ақтөбеліктер, еліміздің барлық тұрғындары сияқты, еліміздің алдағы кезеңге арналған негізгі даму бағыттары көрсетілген Жолдауды үлкен ықыласпен қабылдады. Мемлекет басшысы алға тартқан барлық идеялар мен бастамалар әрбір қазақстандықтың үміттеріне сәйкес келеді және еліміздің одан әрі дамуына, әр азаматтың болашағына жаңа мүмкіндіктер ашады. Енді біз алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін бірге жұмыс жасауымыз керек, - деді облыс әкімі.
Мәжіліс барысында облыстық зиялы қауым өкілдері атынан облыстық мәслихат депутаты А.Есіркепов, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры Б.Ердембеков, «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер орталығы» жеке мекемесінің басшысы, медиатор А.Куртаева, Ырғыз ауданының «Наурыз-Сим» ЖШС директоры И. Сәрсенбаев, «МДҰ-Балақай» ЖШС, Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысындағы мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының төрағасы Н.Каюдина, дәрігер-невропатолог Ә.Демеуова, «Ер Бақыт» спорттық-патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ауған соғысының ардагері М.Қойлыбаевтар баяндама жасады.
- Президент өз Жолдауында қазіргі кездегі өте маңызды мәселелерді қозғап отыр. Бұл бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Жолдаудағы ең басты міндет – қоғамның билікке деген сенімін күшейту. Билік тұрғындар үшін ашық, қолжетімді болуы керек. Біздің жұмысымыздың тиімділігін тұрғындар бағалайтын болады. Егер біз жұмысымызды сапалы, ашық атқарсақ, сонда ғана әрбір тұрғын оң өзгерісті сезінеді, - деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі О.Оразалин актив мәжілісі барысында залда жиналғандар тарапынан түскен бірқатар сұрақтарға жауап беріп, Жолдаудағы басымдықтарды іске асыру бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, 26 ноября
13
20:49, 17 ноября
live comments feed...
Комментарии