• Главная
  • Ақтөбе облысында тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлердің мәселесі шешіліп келеді
12:42, 6 сентября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлердің мәселесі шешіліп келеді

 Ақтөбе облысында тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлердің мәселесі шешіліп келеді

5 қыркүйек күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин  Ақтөбе қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, құрылысы жүріп жатқан жобалардың жұмысын бақылады, деп хабарлайды City04.kz.

Өңір басшысы алдымен ескі ғимаратта орналасқан мемлекеттік #1ші "Гүлдер" бала-бақшасында болды.1970 жылы салынған нысан 280 орынға арналған.
Күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл бала-бақшаның ағымдағы жөндеуіне 16 млн теңге бөлініп,  жылу жүйелері мен терезелері ауыстырылады. Оңдасын Оразалин қала әкіміне, және білім басқармасының мамандарына бала-бақшада күрделі жөндеу жұмыстары үшін ЖСҚ әзірлеуді, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізетін мердігерге тапсыруды атап өтті. Айтып өтейік, Ақтөбе қаласында  жөндеу жұмыстарын қажет ететін мектепке дейінгі ұйымдардың саны 30.

Облыс әкімі тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын жаңа көп қабатты тұрғын үйлерге қоныстандыру бойынша жүзеге асатын жұмыстармен танысты. Қала әкімі Мавр Абдуллиннің айтуынша  Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорына талдау жүргізілген. мамандандырылған ұйым 1801 көп қабатты тұрғын үйдің 17 не "апатты" деген қорытынды шығарған. Тұрғындар тозығы жеткен үйлерді бұзуға келісім беріп,  8 пәтер сатып алынған. Құны 57 млн 600 мың теңгені құрады.
Мердігер  ұйым көп пәтерлі тұрғын үйді бұзды және 54 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үй  салу жоспарлануда. Сондай-ақ, "Жастар құрылыс" компаниясы 17 апатты жағдайдағы үй тұрғындарын Жаңақоныс ауылына көшіріп, 250 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

"Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында әсіресе  коммуналдық  саланың сапасына ерекше назар аударылсын. Жарық, су  газ мәселесінен тұрғындар қиындық көрмеуі қажет, Сондай-ақ, бұзу жүргізілген үйлерден қалған жерлердің орыны бос жатпауы назарға алынсын",- деді облыс әкімі.

Оңдасын Оразалин көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №11 "Ақбота" мекемесінде болды.220 орынға арналған орында 10 топ жұмыс жасайды. Оның 6  тобында сөйлеу қабілеті нашар, 4 тобы көру қабылеті нашар балаларға арналған.Мұнда 36 педагог балалармен  жұмыс жасайды.
Аймақ басшысы сонымен қатар, ашық стадионы бар жеңіл атлетика манежі, Бөкенбай көшесінің  бойынан салынып жатқан IT орталықтың және  Арынов көшесіндегі  ұзындығы 696 метр болатын жол өткелінің құрылыс жұмыстарының қарқынын бақылады. Аталған жобаларды салуды  қолдарына алған мердігерлерге құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.

Облыс әкімі Елек өзені (Ақтөбе су қоймасы тұсынан Құрайлы кентіне дейінгі)аймақта болды.  Табиғат жанашырларымен  арнайы кездесіп, әрқайсысының пікірін тыңдады. Осы мәселеге қатысты сауалдарға жауап беріп, ұсыныс ойлары үшін алғыс білдірді. Қазіргі уақытта өзен арнасын кеңейту,түбін тереңдету, бекіту жұмыстары тоқтатылған. Оңдасын Оразалин қоғам белсенділерімен кездесу барысында жаңа жобаға енгізілетін өзгеріске жанашыр азаматтардың  ой-пікірлері ескерілетіндігін жеткізді.
" Қала экологиясы мен табиғатына бей-жай  қарамаған азаматтарға алғысымды білдіремін, кеңейту жұмыстарына байланысты әзірленіп жатқан жаңа жобада пікірлеріңіз ескеріледі деген ойдамын, мамандармен ақылдаса отырып бірге
жасаймыз деген сенімдемін",-деді Оңдасын Оразалин.
Облыс басшысы Ақжар тұрғын үй алабын аралады. Кезінде заңсыз салынған жер үйлердің тұрғындары үшін инфроқұрылым  тарту мәселесі күрделі болып келді.Қала әкімі Мавр Абдуллин  Ақтөбе қаласы бойынша 428 бау-бақша ұжым барын айтты.  Бағбандық ұжымдардың алаңы 2676 га құрайды,жер учаскелерінің жеке меншігінде - 2179 га,

Қазір жер телімдерінің мәртебесін бау-бақша шаруашылығынан ЖТҚ-ға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, өткен жылдан бастап 2485 жер телімінде 40 бау-бақша ұжымында мақсатты тағайындаулар өзгертілген. Оңдасын Оразалин жауапты мамандарға жер телімдерін бергенде  барлық талаптардың жан-жақты сақталуын, су, газбен жабдықтау мәселесі  бақылауда болуын тапсырды.
Өңір басшысы жұмыс сапары барысында Ақжар қосалқы электро станциясының кеңейтілу жұмысымен және "Нұр Ақтөбе" тұрғын үй алабында құрылысы жүріп жатқан 900  орындық мектеп құрылысымен танысты. Білім ошағы жылдың соңында пайлалануға беріледі деп күтіледі. Облыс әкімі құрылыс жұмыстары бойынша және жүзеге асып жатқан жобалар аясында қала әкіміне жүмысты қарқындатуды тапсырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#оразалин ондасын #аким актюбинской области #новости актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...