• Главная
  • Ақтөбе облысы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қосымша 574 млн теңге бөледі
17:00, 20 сентября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қосымша 574 млн теңге бөледі

Ақтөбе облысы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қосымша 574 млн теңге бөледі

Жұма күні  Ақтөбе облыстық мәслихатының  кезекті 38-ші сессиясы  өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин және қоғамдық кеңес мүшелері,  департамент, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың  мәслихат хатшылары  қатысты.

Депутаттардың қарауына  2018 жылғы 10- желтоқсандағы  «2019-2021 жылдарға арналған  облыстық бюджет туралы» шешімге өзгерістер енгізуұсынысы қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева  хабарлады.  Әлеуметтік көмек көрсету бағытына қосымша  574 000,0 мың теңге бөлу жоспарланғанын жеткізді.

Сессияда көтерілген екінші мәселе 2019 жылдың  31-мамырындағы жерлеудің және зияраттарды күтіп ұстау қағидаларына сәйкес, Ақтөбе облысындағы  зияраттарды күтіп-баптауға арналған ережені  бекіту. Сонымен қатар, Темір ауданының әкімі  Жолдас  Қалмағамбетов  ауданның  әкімшілік-аумақтық құрылысына енгізілетін   өзгерістер туралы баяндады.

Аудан орталығына жақын  елдімекендерде  тұрғындар саны артып, керсінше  шалғай  ауылдарда халық саны  төмендеген. Аудандағы тұрғындар саны 500 ге жетпейтін Шығырлы ауылдық округі мен 800 ден астам тұрғыны бар  Ақсай ауылдық округтерін  біріктіруді ұсынды.

Бұл өзгеріс  мемлекеттік бағдарламалар бойынша  ауылдарға  газ, су тарту, және  байланыс қызметтерінің  шешілуіне оңды  ықпал етеді. Халық қалаулыларының назарына   сондай-ақ, халық саны 16 мыңнан асатын Шұбарқұдық ауылдық округін екіге бөлу  мәселесі ұсынылды. Жергілікті басқарушы органдардың басқару тиімділігін арттыру мақсатында  Шұбарқұдық ауылынан Шұбарқұдық кәсіпшілігін және Жақсымай бекетін бөліп жаңа округ ашу жоспарланып отыр.  Жаңа округ Жақсымай округі деп аталмақ.

Ақтөбе облысы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қосымша 574 млн теңге бөледі, фото-1


Жиында  көтерілген мәселелерді  депутаттар түгелдей  бірауыздан қолдады.
«Мемлекет басшысының әлеуметтік жағдайды жақсартуға арналған  тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында  өңірде  көптеген жұмыстар атқарылуда, нақтыланған  бюджеттің басым бөлігі осы әлеуметтік мәселені шешуге бағытталып отыр»,-деген облыс әкімі ұсыныстарды қолдағаны үшін депутаттарға алғысын білдірді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #маслихат #ондасын оразалин

Комментарии

Объявления
live comments feed...