09:58, 24 сентября 2019 г.
Надежный источник
Кіріс пен мүлік декларациясы туралы түсінік
Кірістері мен мүлкi туралы декларацияны қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер ғана ұсынбайды
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша департаментімен мұндай декларацияларды уақтылы ұсыну бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарланды City04.kz.
Мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша шығарылған азаматтар, жұмыстан босатылғаннан кейiн үш жыл бойы 31 наурызға дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына кірістері мен мүлкi туралы декларацияны ұсынады.
- 2018 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 274-бабының 1-бөлігіне сәйкес (қаржылық бақылау шараларын бұзу) мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған 66 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
2019 жылдың 9 айы бойынша осы бұзушылықтар үшін 16 тұлғаға қатысты барлығы 1098375 (бір миллион тоқсан сегіз мың үш жүз жетпіс бес) теңгеге әкімшілік хаттамалар толтырылды,- деп мәлімдеді департамент баспасөз қызметі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Департаменттерiс себептер бойынша жұмыстан шығарылған барлық мемлекеттік қызметшілерге айыппұлдың мөлшері отбасы қаражатына зиянын тигізбеу үшін уақытылы декларация тапсыру керектігін ескертеді.
Біздің мақсатымыз - азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту ғана емес, сонымен бірге мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау.
Азаматтар көбінесе қолданыстағы заңнама нормаларын білмегендіктен мұндай құқық бұзушылықтарға барады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, 26 ноября
13
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии