10:00, 1 октября 2019 г.
Надежный источник
Қарттар күнімен: құндылықтарымыздың қазыналы иелерін құттықтаймыз!
"Қарты бар үйдің-қазынасы бар" деп дана халқымыз айтқандай үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. "Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады" деген де бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат. Осы бір күйбең тіршілікте үлкендерден сын естісе сынып қалатын жастар сол ақыл кеңеске шынтуайтында зәру.
Бұлай дейтініміз, олардың көрген білгені қазірге заман үшін қадамның анықтығын айқындамаса да, қосымша ақыл кеңес боларын жоққа шығармағанымыз. Себебі, бүгінгі ақылды жастар бәрін "өзім білдім, көрдім" деуге салып, асық басатыны бар.
Қазан айында тойланатын жанға жылы, мейірімге толы мейрам, мерекелердің бірі дәл осы "қазыналарымызға" арналғандығы жұрттың есінде. Елеуге тұрарлық ерлік істер, тағылым тәрбие бастаулары бүгінге дейін дәл осынау күнде құрметке бөленіп, мадаққа көміліп келе жатыр. Дәл сол секілді жыл сайын осы мереке қарсанында шараның маңызын түсіне бастаған қоғам назары осындай науқаннан бөлек құрметтің де болуын жиі еске алып, дабыл қағатыны тағы бар.
Құрметті жұртшылық! Бүгінгі атаулы мейрам қазынамыз қарттарды ұлықтауға арналсын! Олар берген білім мен тәрбие, олар жеткізген қазақи құндылығымыз бен дүниетанымыз - құнды, бағалы. Және бағалылығын жоғалтпауға тиіс.
Сол себептен де оларға алғысымыз ешқашан өшпеу одар әрі бағалай түсуіміз қажет-ті.
Ақнұр Қуаныш
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
20:49, 17 ноября
live comments feed...
Комментарии