11:34, 1 октября 2019 г.
Надежный источник
Мемлекеттік қызмет саласында бос жұмыс орындарын табу үрдісі жеңілдетілді
Ақтөбеде IT-технологиялардың көмегімен мемлекеттік қызметт саласында бос жұмыс орындарын табу үрдісі жеңілдетілді, деп хабарлайды Сity04.kz.
Таяуда Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаменті Telegram мессенджерінде елімізде теңдесі жоқ Qyzmet.info атты жобасын (бот) жасап шығарған болатын.
Алайда үміткерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет саласына жаңа технологияларды енгізу бұнымен шектелген жоқ.
Мемлекеттік қызметте сирек кездесетін білімді талап ететін лауазымдарды іздеуге қатысты сұрақтарымен азаматтардың жиі жүгінетіндігін ескере отырып, Департамент «Мемлекеттік қызмет картасы» - Qyzmet.info веб-сайтын әзірледі.
Бүгінгі күнге дейін мамандарға барлық сәйкес келетін мемлекеттік органдардың біліктілік талаптар жинағынның қағаз нұсқасын қолмен зерделеу қажет болатын.
Веб-сайтты әзірлеудің арқасында аталған үрдістердің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілді.
- Ендігі кезекте пайдаланушылар сайтта өздерінің мамандықтарын көрсете отырып, қай мемлекеттік органдарда тиісті лауазымдардың бар екенін біле алады.
Сондай-ақ, әңгімелесуге арналған үлгілік сұрақтармен танысып, қаладағы барлық мемлекеттік органдардың орналасқан жері туралы толық ақпарат ала алады, - деді Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а Бауыржан Оразов.
Осылайша, бұл жобалар мемлекеттік қызметке іріктеу үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз етудегі тиімді құрал болып табылады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
20:49, 17 ноября
live comments feed...
Комментарии