• Главная
  • Ішкі істер орган қызметкерлерінің өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларын алдын-алу
08:54, 9 октября 2019 г.
Надежный источник

Ішкі істер орган қызметкерлерінің өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларын алдын-алу

Ішкі істер орган қызметкерлерінің өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларын алдын-алу

Департаменттің психолог мамандарының ұйымдастыруымен жеке құрам арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының алдын-алу бойынша жұмыс тобымен семинар кеңес өткізілді, деп хабарлайды City04.kz Ақтөбе облысының ТЖД кадр саясаты бөліміне сілтеме жасай.

Ішкі істер органдары жеке құрамының арасында суицидтің алдын-алу жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2019 жылғы 04 қазанда жеке құрам арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының алдын-алу, суицидалды мінез-құлыққа бейім қызметкерлерді анықтау, олармен жүргізілетін психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын жетілдіру амалдарын талқылау мақсатында жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Ішкі істер орган қызметкерлерінің өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларын алдын-алу, фото-1

Жиынға Ақтөбе облысының полиция департаментінің аға инспектор-психологы О.В.Солдатенко, Ақтөбе қаласы патрулдік полиция басқармасының инспектор- психологы О.Н.Хаецкая, Ақтөбе қаласы ПД жедел әрекет ету қызметінің инспектор- психологы Г.Тулеубаева және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің психолог мамандары қатысты.

Кеңес барысында Төтенше жағдайлар комитетінің соңғы 6 жыл аралығында орын алған өз-өзіне қол жұмсаудың талдауы таныстырылды және 2018-2019 жылдар аралығында жеке құрам арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғаларының алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Семинар-кеңесте психолог мамандар суицидалды мінез-құлыққа бейім қызметкерлермен жүргізілетін түзету жұмыстары және оларды анықтау, алдын-алу бойынша ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, қызметкерлер арасында суицидтің алдын-алу да қазіргі уақытта ең өзекті мәселе болып отырғандығы, бұл үшін тек психолог маман емес, әрбір басшы өз ұжымын жақсы танып, қызмет барысында әрбір қызметкердің мінез- құлығындағы өзгерістерді қадағалап, дер кезінде қажетті көмек көрсетудің маңыздылығы түсіндірілді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...