• Главная
  • Екі аудан әкімінің жұмысы тұрғындар алдында ашық болмақ
13:23, 10 октября 2019 г.
Надежный источник

Екі аудан әкімінің жұмысы тұрғындар алдында ашық болмақ

"AQTÓBE - ADALDYQ ALAŃY" жобалық кеңсесі қызметінің негізгі бағыты - мемлекеттік ұйымдар басшыларының бірінші қабатта орналасуына ықпал етумен қатар, «Оpen space» және сервистік әкімдік форматтарында жұмыс істеу принципіне көшіру болып табылады.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов пен жобалық кеңсе басшысы Жанболат Тұртаев «Ашық кабинеттерді» салтанатты түрде ашу мақсатында жұмыс сапарымен Қобда және Ойыл аудандарында болды.

Аталған кабинеттерде бірінші басшылардың қол жетімсіздігін және қандай да бір кедергілерді жоюға бағытталған азаматтарты қабылдау, өтініштер қарау, консультация-кеңестер беру және әлеуметтік желілердегі онлайн-трансляциялар сынды іс-шаралар өткізілетін болады.

«Президентіміз халықтың сұраныстарына жедел ден қоюды, қарапайым азаматтардың әлеуметтік жағдайын тұрақты түрде біліп отыруды және қоғаммен сындарлы диалог құруды әкімдерге тапсырған болатын.

Өз кезегінде "AQTÓBE - ADALDYQ ALAŃY" жобалық кеңсесінің мақсаты азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, әкімдер мен мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіретін тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Аталған бағытта біздің тарапымыз сіздерге қол ұшын созуға дайын. Ең бастысы, сіздерде қоғам алдында ашық боламын деген ниеттінің болуы – деп атап өтті басшының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов.

Салтанатты түрде ашылған «Оpen space» кабинеттеріндегі ең алғашқы қабылдауды Ғ.Досанов пен Ж.Тұртаев өткізді. Азаматтар кәсіпкерлік, тұрғын үй мен жер алу мәселелері бойынша өз сұрақтарын қойып жатты.

Қазіргі таңда «Open space» форматындағы ашық кеңістіктер Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімдігінде, Мәртөк, Қарғалы, Темір, Әйтеке би, Қобда, Ойыл, Алға, Байғанин және Мұғалжар аудандарында жұмыс жұмыс жасауда.

Шара соңындажұмыс сапарымен келген өкілдер маңызды әлеуметтік нысандардың қызметінемониторинг пен халықты толғандырған мәселелер бойынша сұхбат жүргізіп,мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #МУГАЛЖАРСКИЙ РАЙОН #АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ

Комментарии

Объявления
live comments feed...