• Главная
  • Алға орталық аудандық ауруханасындағы түнгі жаттығулар
14:02, 11 октября 2019 г.
Надежный источник

Алға орталық аудандық ауруханасындағы түнгі жаттығулар

Алға қаласының орталық аудандық ауруханасында түнгі өрт-тактикалық жаттығулар өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Жаттығу жоспарына сәйкес екінші қабаттағы хирургиялық бөлімде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде электр сымдары қысқа тұйықталып, бөлменің ішіне шартты түрде өрттің таралуы орын алды.

Түтің детекторы іске косылды. Аурухана кезекшісі бірден өрт туралы ескерту жүйесін іске қосты. Содан кейін электр жарығы сөндіріліп, өрт сөндіру бөлімі шақырылды. Аурухана қызметкерлері алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіре алмады. Бірақ стационарлық науқастар мен медициналық қызметкерлерді эвакуациялауын ұйымдастырды.

Алға орталық аудандық ауруханасындағы түнгі жаттығулар, фото-1

Адамдар ұйымдасқан түрде көшеге шықты. Шартты түрде өрт шыққан жерге Алға ауданының №6 ӨСБ негізгі өрт сөндіру техникасының 2 бірлігі және жеке құрамынан 10 қызметкер келді. «ҚазТрансГазАймақ» және Алға қаласының «Энергетикалық жүйенің» қызметкерлері уақытында келді.

Өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, шартты өртті сөндіру үшін 2 оқпан берді.

Аталған іс-шараның мақсаты өртті сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жеке құрамның кәсіби дайындығының деңгейін арттыру, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі бойынша Алға ауданының әкімшілігімен және азаматтық қорғау қызметтерімен бірлескен іс-қимылдарды жасау болып табылады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...