10:30, 15 октября 2019 г.
Надежный источник
Бишімбаевті түрмеден кім шығарды? Шымкент соты не дейді
Бишімбаевқа қылмыс нәтижесінде келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы талап арыз берілмеген.
Шымкенттің Абай аудандық соты ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шығуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Бишімбаев сот үкімімен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің Шымкент қаласындағы мекемесінде жазасын өтеп жатқан кезде шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жолдады. Қылмыстық кодекстің 72 бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, егер сотталған адам жазасын өтеу режимін өрескел бұзған болмаса және қылмыс нәтижесінде келтірілген шығынды толық өтеген болса – ешқандай қосымша шарттарсыз босатыла алады. Бишімбаев тарапынан жазасын өтеу кезінде ешқандай ереже бұзушылық жасалған жоқ, ол түрмеде төрт рет ынталандыру алғысын алған. Сотталған Бишімбаев сот сараптамаларын жүргізуге жұмсалған процедуралық шығындарды (1 522 930 теңге) төледі, - деп түсіндірді Абай аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сот Бишімбаевқа қылмыс нәтижесінде келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы талап арыз берілмегенін айтты.
- Жоғарыда айтылғандарға байланысты, 2019 жылдың 25 қыркүйегінде Шымкент қаласының Абай аудандық соты сотталушының өтінішін қанағаттандырды. Бишімбаев өтелмей қалған 1 жыл 3 ай 13 күн мерзімге жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Жазаның өтелмеген мерзімінде оған пробациялық бақылау белгіленді. Бишімбаевтың міндеттері: мамандандырылған органды хабардар етпей тұрақты тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа жерлерге бармау, жұмысынан және оқудан бос уақытында ішкі істер органдары белгілеген орындарға бармау және т.б. Абай аудандық сотының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі шешімі осы жылдың 11 қазанында күшіне енді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бүгін, 14 қазанда, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожанов бұл істі түсіндіре отырып, рақымшылық сұрағаннан кейін Бишімбаевтың жазасы 10 жылдан 4 жыл 8 айға қысқарғанын айтты. Оның үштен екісі өтелді, бір жылдан сәл асатын мерзімі қалған болатын.
- Осы бір жыл мен үш ай мерзім жеңіл жазаға – айыппұлға ауыстырылды, - деп түсіндірді Қожанов.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии