13:02, 15 октября 2019 г.
Надежный источник
Мәскеуде Отырар сазы оркестрінің концерті өтті
Концертте болған ресейлік музыкатанушылар қазақстандық орындаушылардың шеберлігіне жоғары баға берген.
Мәскеуде белгілі этнограф, Қазақстанда музыкатану негізін қалаған Александр Затаевичтің 150 жылдығына арналған салтанатты кеш болды, деп хабарлайды Хабар 24.
Шара аясында Гнесиндер атындағы музыка академиясының Үлкен залында "Отырар сазы" оркестрінің концерті өткен. Көрермендер домбыра мен қобызпен қатар, жетіген, шертер, сыбызғы, асатаяқ секілді қазақ халқының ежелгі аспаптарының үнін естуге мүмкіндік алды. Концертте болған ресейлік музыкатанушылар қазақстандық орындаушылардың шеберлігіне жоғары баға берген.
Арман Жүдебаев, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ректоры:
- Осындай іс-шаралар жүзеге асу керек. Осындай ұлыларымызды ұлықтап, дамытып, болашақ ұрпақтарымызға насихаттау біздің парызымыз деп есептейміз.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии