15:41, 21 октября 2019 г.
Надежный источник
Абайлаңыз, алаяқтар!
Күн сайын Ақтөбе облысы полиция бөліміне бірнеше, оның ішінде 10 рет алаяқтардың құрбаны болған қала тұрғындары жүгінуде, деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбе қаласының жедел уәкілдері ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасында бола отырып, адамдарды алдауды тоқтатпаған алаяқты анықтады. ЖШС-терінің бірінің коммерциялық басшысы бола тұра, сенімге кіріп, дуал үшін металл қақпалар дайындау сылтауымен жергілікті тұрғындардың біріне тиесілі 860 мың теңге сомасында ақшаны жымқырған.
Бір ай бұрын, дәл сол алаяқ сенімге кіріп, апта сайын 35 теңгеге автокөліктерді жалға алу және кейіннен сатып алу сылтауымен, екі ВАЗ-2109 және ВАЗ-21102 автомашиналарын иемденген, сондай-ақ, қаланың құрылыс дүкендерінің бірінде төмен бағамен эко блоктарын сатып алуға жәрдем көрсету сылтауымен сенімге кіріп, алдау жолымен Ақтөбе қаласының тұрғынына тиесілі 1 235 000 теңге сомасында ақша жымқырды.
Полиция департаменті тұрғындарға ескертеді: сатып алу және коммерциялық мәмілелер кезінде сақ болыңыз, алаяқтардың құрығына түспеңіз!
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
15:32, 26 ноября
13
live comments feed...
Комментарии