• Главная
  • Шөкеев бала зорлық-зомбылығы туралы журналистер сауалына жауап берді
13:00, 24 октября 2019 г.
Надежный источник

Шөкеев бала зорлық-зомбылығы туралы журналистер сауалына жауап берді

Шөкеев бала зорлық-зомбылығы туралы журналистер сауалына жауап берді

Әкім Абай ауылында екі еркектің 16 жастағы жігітті зорлау туралы мәселеге қатысты да жауап беріп, бұл іс бойынша жергілікті прокуратура тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы жұмысының алғашқы күнінен бастап аймақтағы балалар зорлық-зомбылығы мәселесін жоюға ден қойғанын айтады. Мысалы, дереу комиссия құрылған. Оған республиканың барлық жетекші мамандары, соның ішінде Аружан Саин да шақырылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Біз барлығымыз кеңесіп, осы құбылысқа қарсы кешенді жоспар құрдық. Комиссия құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері, әкімдер де кірді. Барлық аудандарда психологиялық көмек орталықтарын құру туралы шешім қабылданды. Бұл мәселе бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, - деген ол өңірдегі барлық органның балалар зорлық-зомбылығы мен суицидке қарсы күресуге ден қойғанына сендірді.

Ол мұндай проблеманың тек Түркістанда ғана емес, басқа облыстарда да бар екенін атап өтті. Сондықтан бұл жағдайды үнемі бақылауда ұстап, педофильдермен күресудің жаңа әдістемесін жасау қажеттігін айтты.

Әкім Абай ауылында екі еркектің 16 жастағы жігітті зорлау туралы мәселеге қатысты да жауап беріп, бұл іс бойынша жергілікті прокуратура тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

- Блогерлер біресе мына жақтан, біресе мына жақтан ойқастап, іске араласуға тырысады. Негізінен, саясиландыруға, дүрліктіруге тырысу, бұл тіптен дұрыс емес нәрсе. Алдымен анықтап алсын. Егер үкім дұрыс болмаса, онда қайта арыздансын, - деді ол.

Айта кетсек, осыдан бір жыл бұрын Түркістан облысы Абай ауылының тұрғыны сұқбат беріп, өзін үлкен екі ер адам екі жыл бойына зорлап жүргенін айтқан. Оның үстіне зорлағандарын ешкімге айтпас үшін олар жігітті үнемі бопсалап, ақша талап еткен.

Содан бері өткен алты жыл ішінде бұл зорлау ісі бірнеше рет қозғалып, бірақ дәлел жеткіліксіз деген ілікпен тоқтап қала берген. Жас жігіт, ақыры бұл істі соңына жеткізу үшін БАҚ-тың көмегіне жүгінді.

- Мен бұл тек біздің аймаққа ғана тән дүние деп ойламаймын. Білесіз бе, басқа облыстарда да мұндай көп факті тіркелген. Мүмкін біздегі факті көбірек шығар. Бірақ, шынымды айтайын, бұл біздің өңірде бұрын-соңды болмаған құбылыс. Мен осы өңірден шыққан, осы өңірдің тумасымын. Мынандай болған емес. Осынша көлемде. Балалар суициді, бала зорлау деген. Қазір біз ең жақсы деген мамандарды тартып жатырмыз. Менің ойымша, биылғы статистика былтырғыға қарағанда төмен болады, - деп сөзін жалғастырды Шөкеев.

Оның пайымдауынша, зорлық-зомбылық фактілерін белсенді түрде талқылап, насихаттау қоғамды дүрліктіріп, мұндай заңсыз әрекеттердің көбеюіне жол береді. Аймақ басшысы өз пікірін психологтардың бағамдауымен негіздеді. Сондықтан, ол зорлық-зомбылықпен күресу үшін тәрбие жұмыстарын күшейтіп, жүйелі шараларды қолдануға шақырады.

"Оларды жарнамалауға, ақпараттық түрде қолдау көрсетуге мүлде болмайды. Ал біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, БҰҰ-ны да тартамыз", - деді ол
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #КАЗАХСТАН

Комментарии

Объявления
live comments feed...