09:02, 25 октября 2019 г.
Надежный источник
Тоқаев Лукашенкомен шағын құрамда келіссөздер жүргізді
Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасында қалыптасқан тарихи достық байланыстарға назар аударды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен шағын құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды City04.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың елімізге ресми сапары Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара стратегиялық әріптестік пен экономикалық іс-қимылдардың дамуына соны серпін беретінін атап өтті.
– Александр Григорьевич, Сіздің сапарыңыз біз үшін аса маңызды. Өйткені бұл біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынастардың шынайы достық сипатқа құрылғанын дәлелдейді. Сонымен қатар екі елдің іскерлік әріптестігіне, оның ішінде, экономикалық, гуманитарлық байланыстар мен халықаралық қарым-қатынастарға тың серпін береді, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Беларусь Республикасы тәуелсіздігінің негізін қалаған көрнекті мемлекет қайраткері Александр Лукашенкоға Қазақстанда шынайы құрметпен қарайтынын атап өтті.
Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасында қалыптасқан тарихи достық байланыстарға назар аударды.
– Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасымыз өте жақсы екенін, экономикамыздың бірін-бірі толықтырып отыратынын және екі ел өзара жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтқым келеді. Біздің елімізде шығарылатын өнімдер Қазақстанға қажет. Ал біз қазақстандық өнімдерді сатып алуға дайынбыз, – деді Беларусь Президенті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии