10:57, 25 октября 2019 г.
Надежный источник
Президенттің баспасөз хатшысы елді шулатқан "кадрлық өкім" дауына нүкте қойды
Журналистер қыспаққа алған соң Марат Бекетаев сасып қалып, дұрыс емес мәлімет берді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымен кеңесе алады, бірақ кадрлық шешімдерді өзі қабылдайды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли елді шулатқан "кадрлық өкім" дауына нүкте қойды.
Берік Уәлидің айтуынша, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың "соңғы шешімді Қауіпсіздік кеңесі қабылдайды" деген сөзі дұрыс емес.
"Әділет министрінің түсініктемесін қате деп санаймын. Журналистер қыспаққа алған соң Марат Бекетаев сасып қалып, дұрыс емес мәлімет берді. Мұндай деңгейдегі лауазым иесі өзінің қызметтік міндеттері аясындағы кез-келген сұраққа білікті жауап беруі тиіс", - деді Берік Уәли Қазақстанда жұмыс істейтін ресейлік басылым - Sputnik Казахстан тілшісіне.
Ол мемлекет басшысының функциялары мен өкілеттіктері негізгі заң – Конституцияда нақты көрсетілгенін атап өтті.
"Биыл 9 қазанда шыққан жарлықта президент саяси мемлекеттік қызметкерлерді, өзге де лауазымды тұлғаларды тағайындау мен қызметтен босатуда белгіленген тәртіптерден тыс шешімдер қабылдауға құқылы, деген ереже бар", - деп нақтылады Берік Уәли.
Осылайша, елдің негізгі заңына сәйкес, мемлекеттің басты лауазымды тұлғасы, Конституцияның кепілі, бас қолбасшы ретінде үкімет мүшелерін, өзіне есеп беретін қауіпсіздік және басқа ведомстволар басшыларын, сондай-ақ аймақ басшыларын тағайындауға қатысты барлық шешімдерді президент қабылдайды.
Бірақ мемлекет басшысының 2019 жылғы 9 қазандағы "ҚР Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жарлығына сәйкес, Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың басшыларын тағайындау – Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасымен де келісілуі тиіс.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии