• Главная
  • 7 күн ішінде 78 жүргізуші мас күйінде көлік айдаған
19:06, 28 октября 2019 г.
Надежный источник

7 күн ішінде 78 жүргізуші мас күйінде көлік айдаған

7 күн ішінде 78 жүргізуші мас күйінде көлік айдаған

7 күн ішінде полиция қызметкерлерімен мас күйінде басқарған 78 факті анықталды, деп хабарлайды City04.kz.

Жүргізушілер арасында көкіл қозғалысының тәртібін күшейту және жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралын басқаруын азайту және жол- қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 21-27 қазан аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

Жоспарланған іс-шараның барысында облыс автожолында Жол қозғалыс ережесі бойынша 3,1 мыңнан астам құқық бұзушылық белгілі болған. Оның ішінде: 78 жүргізуші мас күйінде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Көлік құралын басқаруда жылдамдықты шамадан тыс асырудың 694 фактісі, қарсы бағытқа шығып құқық бұзудың – 44 фактісі белгілі болды. Адамдардың жаяу жүргінші жолынан өтуіне жол бермегендігі үшін 108 жүргізуші әкімшілік тәптіпте жазаланды.

Сондай-ақ, жаяу жүргінші жолында Жол қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 848 әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғандығы бойынша 338 факті анықталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...