• Главная
  • Оңдасын Оразалин: Кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс
15:08, 30 октября 2019 г.
Надежный источник

Оңдасын Оразалин: Кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс

 Оңдасын Оразалин: Кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс

29 қазан, сейсенбі  күні облыс әкімдігінде селекторлық жиын өтті.Аппарат басқосуында  3 мәселе қаралды. Ақтөбе облысы әкімдігінің аппарат басшысы  Нұржауған Қалауов  осы жылдың 9 айындағы  атқарушылық тәртіптің жай-күйін  баяндады, деп хабарлайды City04.kz.

Талдау қорытындысы бойынша Елбасы, ҚР Президенті мен Премьер-Министр жүктеген тапсырмалар орындалып, мерзімдері бұзылмаған. 
Аппарат басшысының айтуынша кейбір өтініштер облыс әкімі аппаратының бірнеше рет ескертулерінен кейін жабылады немесе, жауапты қайтаруға асығыстық танытпайды. 
Облыс әкімінің 9 ай ішінде берген  183 жеке тапсырмасы, БАҚ және әлеуметтік желілерді  шолу барысында берген  1393 тапсырмалары түгел орындалған. 

 Оңдасын Оразалин: Кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс, фото-1


Оңдасын Оразалин әкімдік отырыстар мен, жұмыс сапарлары бойынша 1158 тапсырма берген. Оның 677-сі орындалып, 39-ы мерзімінен кешіккен. Ақтөбе қаласы әкімдігі өзен арналарын тазарту жөніндегі жұмыс жобаларына өзгерістер енгізу және оларға мемлекеттік сараптама жүргізу тапсырмасы, Ішкі саясат басқармасына, білім басқармасы, полиция департаменті, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдерімен бірігіп, а.ж. 2 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында, отбасы-тұрмыстық қатынастар және т.б. саласында ақсақалдар кеңесін құру жұмысының халықаралық тәжірибесін зерделеу тапсырмасы, еңбек инспекциясына бірқатар жекеменшік мекемелерден  жалақы берешегін өтеу, Мұғалжар ауданының әкімдігіне Жағабұлақ ауылына кіре берісінде жатқан қоқыстарды тазарту бойынша, ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасына цифрландыру мәселесі сынды 11 тапсырма орындалмаған. 
Аппарат басшысы әлеуметтік желілерде аудан әкімдіктернің  белсенділігі артқанын айтады. Мәселен, «Әлеуметтік желілердегі ТОП-20 аудандардың» республикалық рейтингіде Хромтау, Темір, Мәртөк, Ойыл және Қарғалы аудандары көш бастады.

 Оңдасын Оразалин: Кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс, фото-2


Облыс әкімі  тапсырмалардың дер кезінде  орындалуына қатысты орынбасарлары мен басқарма басшыларына қатаң  ескертулер жасады. 
Сондай-ақ, жиында Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ерлан Назаров  облыста  «БЖК-2020» бағдарламасының  9 айда орындалу барысын баяндады. Аталған бағдарламаның іске асуына жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 1,5 млрд. теңге бөлінген. ҚР ҰЭМ бірлесе отырып, РБ-дан 922 млн.теңге қосымша қаражат бөлініп, бағдарламаның жалпы портфелі 2,4 млрд. теңгені құраған. Өңірлер арасындағы рейтингте кепілдік беру құралын іске асыру бойынша  Ақтөбе облысы  екінші орында, субсидиялау бойынша 3 орыннан көрінді. Жыл басынан бері өңірде  309 жоба мақұлданған. 2020 жылы  Ақтөбе қаласында құны 97,9 млн.теңге болатын отбасылық демалуға арналған саябаққа инфрақұрылым жүргізу және, құны 1,8 млрд тг болатын «АлтынЭкс Тау» – Кен Комбинатына сыртқы сумен жабдықтау жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.
Ал Еңбек бағдарламасы бойынша Ақтөбе қаласы мен Хромтау қаласына 2019 жылы 1,2 млрд.теңге бөлінген. 
Ауылшаруашылығы басқармасы да «Еңбек» және «БЖК-2020» бағдарламаларының іске асуы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстарға есеп берді. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша республикалық бюджеттен қала және ауылды елді мекендерде 976 жоба енгізуге және несиелендіруге                           3 850,2 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда қаржы институттарымен барлығы 740 жобаға 3 455,8 млн. теңге беріліп,     526,5 млн.теңгенің 60 жобасы мақұлданған.



- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда  жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік беретіндігін айтты. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді.Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінгендігін жеткізген болатын. Кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі Ақтөбе өңірінде үздіксіз жүзеге асырылсын, Президент тапсырмасын орындауға жаппай жұмыс жасауымыз қажет,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ОРАЗАЛИН ОНДАСЫН #АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...