19:00, 30 октября 2019 г.
Ерекше қажеттілігі бар адамдарды қоғамға интеграциялау үшін барлық жағдайды жасау қажет
30 қазан, сәрсенбі күні Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне арналған "Ашық әлем" атты облыстық форум өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Мүгедек жандарға қолдау көрсетуге арналған салтанатты шараға облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құралған 25 үкіметтік емес ұйымдардан 150 ден астам түрлі санаттағы мүгедек азаматтар қатысты.
Аймақ басшысы ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға өңірде әлі де жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Және алда көптеген жұмыстардың атқарылатынын атап өтті.
- Атқарушы орган ретінде өз тарапымыздан жасалып жатқан істер аз болмағанмен, қолымыз жетпей, шешілмей жатқан мәселелер де көп. Мен тек өңір басшысы ғана емес, осы елдің азаматы ретінде сіздердің алдарыңызда қарызым көп екенін мойындаймын. Әлі де болса көптеген ғимараттарда пандустардың жетіспеуі, бар болса да олардың пайдалануға ыңғайсыздығы мені алаңдатпай қоймайды. Қоғамдық көлікті пайдаланудың қолжетімсіздігі, аялдамалардың тиісті деңгейде жабдықталмағаны да біздің кемшілігіміз. Басқасын айтпағанда әркімнің тұрып жатқан пәтерінен таза ауаға шығып серуендеуіне кедергілердің көп екені де маған жасырын емес. Сіздерге пайдалануға берілетін көптеген жабдықтардың сапасы сын көтермейтінінен де хабардармын.
Дегенмен осындай қаншама кедергілерге қарамастан, сіздердің қоғамдағы болып жатқан жайттарды қалт жібермей, белсенді араласуларыңыз көңілге қуаныш ұялатады. Кейде он екі мүшесі сау адамдар салы суға кетіп, мемлекетке масыл болып отыратын жағдай болады.
Ал сіздерді араңызда тағдырдың сынына төтеп беріп қана қоймай, өзін және өз отбасын ғана емес, шаруасын дөңгелентіп қаншама адамға нәпақа тауып беріп отырған қаншама мүгедек жандар жүр. Өз тарапымнан мен өзім де сіздердің өмірлеріңіздің бояуы қанық болуына қолымнан келетін жәрдемімді жасауға шын ниетіммен ықпал жасайтынымды айтып өткім келеді,- деді Оңдасын Оразалин.
Сонымен қатар өңір басшысы белсенді 11 азаматты алғыс хатпен марапаттады.
Аталған азаматтармен блиц- сауал ұйымдастырылды. Олар өздеріне көрсетілген қамқорлық үшін Оңдасын Оразалинге алғыстарын жеткізе келе, спортпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жаттығу залдарын салу, баспана мәселелерінің шешілуіне қатысты ойларын жеткізді.
Іс- шара барысында "мүмкіндіктерді әлеуметтік қолдау және қорғаудың әлеуметтік бағдарламалары» аясында білім, денсаулық, құрылыс, кәсіпкерлік, спорт, мәдениет, әділет департаментінің басшылары жұмыспен қамту мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған жобалар туралы жағымды жаңалықтарымен бөлісті.
Айтып өтейік, облыста 26895 мүгедек, оның ішінде 16 жасқа дейінгі 3560 мүгедек - балалар бар.
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 1720,8 млн астам қаржы бөлінді.
Облыста 2 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелер жұмыс жасайды: жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған Ақтөбе интернат-үй және ересек мүгедектерге арналған Ақтөбе жүйке аурулар интернат-үйі. Екі интернатта 625 қарт пен мүгедектер тұрады.
Осы мекеменің 2019 жылдың бюджеті 784,5 млн.теңгені құрады. Форум соңы концерттік шарамен жалғасты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, Вчера
13
20:49, 17 ноября
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии