• Главная
  • Бұл жүйе ауысса, қазақтар бар қиындықтан құтыламыз деп ойлайды
17:45, 30 октября 2019 г.
Надежный источник

Бұл жүйе ауысса, қазақтар бар қиындықтан құтыламыз деп ойлайды

Бұл жүйе ауысса, қазақтар бар қиындықтан құтыламыз деп ойлайды

Халықтың санасы мен рухын регресстің тұманы басқан.

- Біздің қазақ қоғамы мен ортасының діліне өсек пен ғайбаттың терең бойлағаны соншалықты, ғылым, білім, жақсы өнертабыс жайында, әлемдегі жаңарып отырған жаңалық жайында ешбір дүниеге сұранысты да, қызығушылықты да мүлдем ұмытқан,- деп қынжылады желіде сарапшы Бекболат Қаржан.

Ондай жазбалар салынса мүлдем қарамайды. Оқылмайды. Өсіп, өркендеп, өркениет жолымен жүрейік деп алға ұмтылмайды да.

– Халықтың санасы мен рухын регресстің тұманы басқан. Бұл хаос – мынау жүйенің ауыртпалығы. Заңсыздық, әділетсіздік, басып тастау, сауатсыздық көз алдында болып жатса да әбден көндіккен. Еті үйреніп кеткен. Мұндай сорақылыққа көндіккен халық оны өзі де жасап жатыр. Оны сезінбейді, – дейді ол.

Санада – тек мынау биліктің кеткені

– Қазақтың бар ауыртпалығы дәл қазіргі жағдайда, дәл қазіргі санада мынау биліктің кетуі, жүйенің ауысуы. Бұл жүйе ауысса қазақ барлық ауыртпалықтан айығып, тіпті ертегідегідей дамып кететіндей сезінеді. Отыз жыл бойы опасыз жүйе қалдырған былықтарды көре тұра баладай сенеді. Әлі сол аңқаулық. Қазақтың жүрген отыз жылдық соқпағынан қалған кедір бұдыр жолдар оңайлықпен жөнделмейді. Бұл жүйе ауысқанның өзінде біз ұзақ уақыт аялдаймыз. Ұлттық бағыттағы кадрлар тапшы. Қоғамның санасында өркениет бағытында мүлдем трансформация болмаған. Қоғамның сан салалы тамырына қан жүрмей тұрып қалған. Бізге жаңа адамдар, жаңа өркениетті жүйе, жаңа принцип керек. Бәрі саяси реформалардан басталады, – деп аяқталады пост авторының ойы.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...