• Главная
  • Ақтөбеде "Ел үміті" Тұңғыш Президент - Елбасы Қорының марафоны өтті
09:07, 4 ноября 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде "Ел үміті" Тұңғыш Президент - Елбасы Қорының марафоны өтті

Ақтөбеде  "Ел үміті" Тұңғыш Президент - Елбасы  Қорының марафоны өтті

жексенбі күні  Ақтөбеде алғаш рет талантты, еңбекқор жастарды қолдауға арналған  «Ел үміті» жастар  Тұңғыш Президент -Елбасы  Қорының марафоны өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Ауқымды форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты.  Жас таланттар мен көшбасшыларды қолдауға арналған жоба шарасына Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының 3000-ға жуық белсенді жастары қатысты. Бұл – жеке тұлға ретінде жан-жақты дамып, өз ісінің білікті маманы болған, ел дамуына өз үлесін қосып жүрген жастар.
Бердібек Сапарбаев белсенді жастарға алғысын білдірді.

- Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды қолдау мен дамытуға үлкен көңіл бөлді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдап, 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Бүгінде елімізде 30 мыңға жуық дарынды бала бар, 100-ден астам мамандандырылған мектептер мен білім беру орталықтары жұмыс жасайды. 11 облыста республикалық "Дарын"орталығы жұмыс істейді. Биыл мыңнан астам бала халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Елбасының "Ел үміті" бастамасы аясында 1000-нан астам дарынды балалар іріктелетін болады. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Ел Үкіметі жас ұрпақты қолдау үшін барлық күш-жігерді жұмсады. Білімді, талантты және дені сау жастар - ұлтымыздың болашағы, - деді Бердібек Сапарбаев.

Марафонға жеке өз жолын бастап жатқан жалынды жастармен қатар, білім мен ғылым, бизнес және медицина, мәдениет пен спорт, экономика және қоғамдық өмірде биік белестерге жеткен, өз тәжірибесімен бөлісе алатын жас мамандар да қатысты. Ақтөбедегі марафон – Елбасының «Ел үміті» бастамасының аясында өткізілген алғашқы шаралардың бірі. Бастама талантты балалар мен жастарды кешенді қолдауды көздейді. Бұл үшін бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев марафонның ашылу салтанатында «Ел үміті» жастарға әлеуметтік лифт болатынын жеткізді.

- Біз әлемнен артта қалмауға тиіспіз. Бұл ретте мемлекет көп нәрсе жасап жатыр. «Жас Кәсіпкер», «Жас Маман», «Болашақ», «Дарын» және басқа да бағдарламалар бар.
«Ел Үміті» бастамасы аясында жастарды қолдауға арналған бірқатар жобаны қолға аламыз. Әр баланың өзіндік таланты бар. Оны тек ашу керек. Сондықтан, ең алдымен, қазір әр аймақта «Дарын» орталықтары күшейтілетін болады. Әр баланың әлеуетін ашу үшін, қайда оқи алады, неге көбірек бейім екенін анықтау үшін диагностика жасалады. Одан бөлек тағы да басқа  жобалар болады. Мысалы, шетелде  - Кремний алқабына, Сингапурға сапарлар, Кембриджге оқыту турлары. Қазір бұл мәселелерді пысықтап жатырмыз,-деді Әсет Исекешов.

Қазір Қор көшбасшылық бағдарламасы, балалардың әлеуетін анықтау жүйесі, ынталандыру құралдары (оның ішінде әлемнің жетекші ЖОО-да тәжірибе жинау), олимпиада жеңімпаздары мен дарынды жастарға гранттық қолдау көрсету жүйесі сынды жобаларды қарастырып жатыр. 

"Ел үміті" марафонына Ақтөбе облысынан қатысқан жас кәсіпкердің бірі Жанна Алтынбаева. Ол Ақтөбе қаласынан  2016 жылы  туристерге арнап «Nice hostel»  халықаралық стандарттарға сай келетін  қонақ үй ашқан. 30 жастағы ақтөбелік бизнесмен АҚШ-та тәжірибе алмасу мақсатында  көптеген жерлерде жұмыс жасады.

Ал, Атырау өңірінен келген  қатысушы Нұрлан Азаматов  «Family» оқу орталығының басшысы. 2012 жылдан бері ашылған орталық азаматтарға сөйлеу мәнерін,ойын дұрыс жеткізу,  ораторлық өнерді  үйтеру тренингімен айналысады. Жас ізденімпаз 2014 жылы Мәскеу қаласындағы Риторика және шешендік өнер университетінде білім алған.

Шара барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Оларды еңбек етіп, ізденуге шақырды. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан түрлі бағдарламалар мен қолдаулар үшін алғыстарын жеткізді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасын Қор үкімет, облыс әкімдіктері мен бизнес-қауымдастық және Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады.
«Қоныс» спорт сарайында өткен кеш  қазақ эстрадасы жұлдыздарының өнер көрсетуімен аяқталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #ОНДАСЫН УРАЗАЛИН #БЕРДИБЕК САПАРБАЕВ #ЕЛ УМИТИ #НАЙНТИ УАН #РАЙМ АРТУР

Комментарии

Объявления
live comments feed...