• Главная
  • Қазақстандағы орташа жалақы көлемі - 191 мың теңге
15:02, 6 ноября 2019 г.
Надежный источник

Қазақстандағы орташа жалақы көлемі - 191 мың теңге

Қазақстандағы орташа жалақы көлемі - 191 мың теңге

2019 жылдың үшінші тоқсанындағы еліміздегі орташа еңбекақы 18,1%-ға өсіп, 191,1 мың теңгеге жетті.

Қазақстанның 12 өңірі тұрғындарының айлық көлемі елдегі орташа жалақыға, яғни 191,1 мың теңгеге жетпейді, деп хабарлайды City04.kz inbusiness.kz-ға сілтеме жасап.

2019 жылдың үшінші тоқсанындағы еліміздегі орташа еңбекақы 18,1%-ға өсіп, 191,1 мың теңгеге жетті. Бұл - өткен ІІ-тоқсанмен салыстырғанда 1,8%-ға жоғары көрсеткіш. Инфляцияны ескергенде сатып алу мүмкіндігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғарылаған. Осы орайда 2019 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша жыл басынан бері тауарлар мен қызметтер бағасы 5,3%-ға өскен.

Ең көп жалақы - 361,5 мың теңгені, әдеттегідей, Атырау облысы тұрғындары алады. Бұл - еліміздегі орташа айлықтан 89,2%-ға жоғары. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 310,6 мың теңге еді.

Жалақы деңгейі бойынша ІІ-орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елорда тұрғындарының орташа айлығы - 308,1 мың теңге. Яғни, елдегі орташа айлықтан 61,2%-ға жоғары.

ІІІ-сатыға Маңғыстау облысы жайғасқан. Бұл өңір халқының орташа айлығы - 297,3 мың теңге. Ол елдегі орташа айлықтан 55,5%-ға жоғары.

Ал Қазақстандағы ең төменгі жалақы Түркістан (122,8 мың теңге - елдегі орташа айлықтан 35,8%-ға төмен), Жамбыл (127,8 мың теңге - елдегі орташа айлықтан 33,1%-ға төмен), Алматы (137,1 мың теңге - елдегі орташа айлықтан 28,3%-ға төмен) облыстарында тіркелген.

Мамандықтар бойынша айтар болсақ, ең жоғары жалақы - 484,6 мың теңгені қаржы, сақтандыру саласының мамандары алады (елдегі орташа айлықтан 2,5 есе жоғары). Одан кейінгі орындарда 418,0 мың теңге көрсеткішімен тау-кен өнеркәсібі мамандары, 334,1 мың теңгемен ғылыми – техникалық сала қызметкерлері тұр.

Орта есеппен ең төменгі айлық 122,1 мың теңге білім беру саласында қызмет ететін адамдарға тиесілі. Бұл - еліміздегі орташа айлықтан 36,1%-ға төмен.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #ЗАРПЛАТА

Комментарии

Объявления
live comments feed...