• Главная
  • Қазақстанға 22 тонна қауіпті құрма мен мандарин кіре жаздады
17:00, 7 ноября 2019 г.
Надежный источник

Қазақстанға 22 тонна қауіпті құрма мен мандарин кіре жаздады

Қазақстанға 22 тонна қауіпті құрма мен мандарин кіре жаздады

АШМ инспекторлары 61 тонна қауіпті дәнді дақыл, жидек, көкөніс және жемістің Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салды.

Өткен аптада Ауыл шаруашылық министрлігінің карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 60 тоннадан астам қауіпті импорттық дәнді дақылдарды, жидектерді, көкөністер мен жемістерді тәркілеп, кері қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тауарлар елімізге Ресей Федерациясынан, Қытай мен Өзбекстан Республикасынан жеткізілген.

Атап айтқанда, 22 тонна құрма мен мандариннен қауіпті карантиндік зиянкестер - қара цитрустық аққанат (Aleurocanthus woglumi Ashby) және Косток құрты (Pseudococcus comstocki (Kuwana) анықталды.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылық министрлігінің карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары қаптама таңбалары жоқ 26 тоннадан астам құрма, 4,4 тонна жүзім, 2,4 тонна қызанақ және 126 кг лимон, фитосанитарлық сертификатты жоқ 5 тонна бидайдың Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салды.

Сондай-ақ, Өзбекстаннан тыйым салынған өнімді қол жүгі арқылы өткізудің бірнеше оқиғасы тіркелді.

Бір апта ішінде Түркістан, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарында жоғары фитосанитарлық қаупі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз жеткізудің 15 жағдайы анықталды. ҚР аумағына тасымалдауға тиым салынған өнімдер Өзбекстан Республикасына, Ресей Федерациясына және ҚХР-на кері қайтарылып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаев шекара маңындағы аумақтарда ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды күшейтуге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"» ҚР Заңына қол қойды. Сонымен қатар, аталмыш заң күшіне енгеннен кейін ветеринария және фитосанитария саласындағы барлық бақылау-қадағалау функциялары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...