• Главная
  • Мемлекет басшысының Көк-Жайлауға қатысты шешіміне БҰҰ пікір білдірді
09:00, 11 ноября 2019 г.
Надежный источник

Мемлекет басшысының Көк-Жайлауға қатысты шешіміне БҰҰ пікір білдірді

Мемлекет басшысының Көк-Жайлауға қатысты шешіміне БҰҰ пікір білдірді

Мемлекет басшысының атына БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ольга Алгаерованың хаты келіп түсті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Көк-Жайлау демалыс орнын салуға тыйым салу туралы шешімін БҰҰ тарапынан қолдауға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Мемлекет басшысының атына БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ольга Алгаерованың хаты келіп түсті. БҰҰ-ның мәртебелі өкілі Көк-Жайлау шатқалындағы тау-шаңғы курортының құрылысына қатысты шығарылған шешімге қолдау білдіретінін жеткізген.

“Сіздің “барлық шешімдерді қабылдау кезінде халықтың ой-пікірін ескеріп, қоғамдық тыңдаулар жүргізу керек және қабылданатын іс-шаралардың мән-маңызын азаматтарға жан-жақты түсіндіру қажет” деген сөзіңіз маған ерекше әсер етті. Бұл тұжырым Қазақстанның ашық және өз азаматтарының белсенді рөліне негізделген шешімдер қабылдау ұстанымын ілгерілетуге бейілділігін көрсетеді”, - деп жазады Ольга Алгаерова.
"Мемлекет басшысының шешімі әлем қауымдастығы тарапынан “қоғамның алаңдаушылығын ескеріп жасалған тиімді ұйғарым” ретінде ғана емес, еліміздің экология саласындағы халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде Орхус конвенциясының қағидаттарын берік ұстануы ретінде қабылданғаны өте маңызды.

Аталған халықаралық ұйым елдің дамуына қолдау көрсету үшін Қазақстанмен тығыз жұмыс істеуге ниет танытып отыр" деп санайды Берік Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан еліміздегі және өңірдегі экология мәселелерін шешу, жасыл экономиканы қалыптастыру, тұрақты дамуды қамтамасыз ету бағытында БҰҰ-мен және оның құрылымдарымен жемісті ынтымақтастықты нығайта беретініне баса мән бергенін атап өткен.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...