13:00, 13 ноября 2019 г.
Надежный источник
Кремль Назарбаевтың ұсынысына қатысты пікір білдірді
Оған жақсы дайындық керек - Песков.
Кремль Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей-Украина қатынастарын орнатудағы күш-жігерін жоғары бағалайды, - деді Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп хабарлайды City04.kz.
Бұған дейін Назарбаев Қазақстанда Ресей мен Украина басшыларының кездесуін ұсынған болатын. Ол Украина басшысы Путинмен "бейтарап алаңда" келіссөздер жүргізуге келіскенін атап өтті. Өз кезегінде, Песков атап өткендей, Ресей президенті Путин де Зеленскиймен кездесуден бас тартпайды, бірақ, әзірге барлығы алда өтетін "Норман форматына" дайындық қамына кіріскен.
- Путиннің өзі мұндай кездесулерден ешқашан бас тартпайтынын айтты, бірақ ол кездесу үшін кездесу аз пайда әкеледі деп санайды, сондықтан оған жақсы дайындық керек. Осыған байланысты біз қазір "Норман форматындағы" процестің дайындығына баса көңіл бөлудеміз. Бұл үшін, әрине, тараптар Минскіде келіскен барлық міндеттемелерді орындау керек, - деді Песков.
Ол Мемлекет басшысы, әрдайым Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты "тірілтудің" және олардың "қалыпты жағдайға оралуының" жақтаушы болғанын баса айтты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, Вчера
13
live comments feed...
Комментарии