09:00, 20 ноября 2019 г.
Надежный источник
Облыс әкімі "Nur Otan" партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді
Бүгін «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс әкімі Оңдасын Оразалин азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады, деп хабаолайды City04.kz.
Облыс басшысының қабылдауына Темір ауданы Еңбекші ауылынан келген қария Сайын Боранқұлов ауылға медициналық пункт салу қажеттігін, көгілдір отын жүргізу мәселесін көтерді. Өңір басшысы «Ауылға 2020 жылы мед пункт салу жоспарда бар, дегенмен көгілдір отынның да ыждағатты түрде жеткізілуіне жағдай жасауға тырысамыз, себебі тұрғындарға газ берілу мәселесі облыста қарқынды жүзеге асуда»,-деді өз жауабында. Аталған азаматтың өтініші бойынша облыстық денсаулық сақтау және энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Ақтөбе қаласының тұрғыны ардагер-ұстаз Нағашыбай Ердәулеттің де келген өтініші жеке басына қатысты емес, алда келе жатқан Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. Ақынның кейбір қара сөздерінен , және поэзиясынан алынған нақыл сөздерін қалаға кіре беріс жолдардағы тақтайшаларға жазып, көпшілікке тәрбиелік мәні болатындай көрнекі жеткізу туралы пікірін білдірді. Сонымен қатар облыстық ұстаздарға арналған энциклопедия шығару туралы ойын білдірді. Өз тұжырымында кезінде осы өлкеде ұстаздық қызмет жасаған Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсыновтай тарихи тұлғалардан бастап, елге еңбегі сіңген ардагер ұстаздардың ұлағатты өмір жолдарын насихаттау қажеттігін атап өтті. «Сіздің идеяңыз өте орынды, әрі көңілімізден шығып отыр, Ұлы ақынның нақыл сөздері әрбір азаматтың адам болып қалыптасуына ықпал етері сөзсіз, ұсынысыңызды қолдаймыз», энциклопедия шығаруды ұйымдастырып, қолға алуды облыстық білім басқармасына тапсырамын -деді облыс әкімі
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына нақыл сөздерді қала ішіндегі Led экрандарға жиі шығару қажеттігін тапсырды.
Әлеуметтік- қоғамдық, рухани маңызы бар зор бастама көтерген азаматтарға облыс басшысы қолдау білдіретіндігін жеткізіп, алғысын білдірді.
Сонымен қатар тұрғын үй, заң саласына қатысты сауалдар, несиелік берешектерін өтей алмаған азаматтар тығырықтан шығуға, жұмысқа орналасу, қосымша әлеуметтік көмек, сынды жеке мәселелерін шешуді сұраған тұрғындардың сауалдарына облыс әкімі нақты жауап берді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
15:32, Вчера
119
00:42, 24 ноября
15:32, Вчера
13
live comments feed...
Комментарии