17:08, 21 ноября 2019 г.
Надежный источник

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы

Ақтөбе қаласында орналасқан «Ақтөбе рельс арқалық зауытында» Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің арнайы- тактикалық дайындық жоспар кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 20 қарашасы «өнеркәсіптік объектілердегі өрттерді сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды City04.kz.

Оқу-жаттығуға өрт сөндірушілер мен құтқарушылар және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі қатысты. Жеке құрамнан жалпы саны - 30 адам, сонымен қатар 5 бірлік техника тартылды. Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша Ақтөбе рельс-арқалық зауытында шартты өртті сөндіруді жүргізу қарастырылған, ол жерде 108 метр квадрат көлемінде 10 текше метр майымен гидравликалық сыйымдылық орналасқан жертөлеге өту арқылы жүзеге асырылады.

Іс-шара барысында электр энергиясын ажырату кезіндегі, қызметкерлер мен келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыру, өрт сөндіру бөлімшелерін шақыру, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен шартты өртті сөндіруді ұйымдастыру бойынша нысан қызметкерлерінің іс-әрекеттері пысықталды. Жеке құрам, газ-түтіннен қорғау қызметі жабдықтарын пайдалана отырып 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті лафетті оқпандарымен сөндіру қарастырылған.

Ақтөбе қаласының тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша іс-қимылдарды пысықталды. Жедел штаб өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға қатысатын барлық бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестірді. Барлық күштер мен құралдар адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге бағытталды. 30 минут ішінде өрт ошағы жойылды. Барлық қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.

Өрт тактикалық оқу-жаттығуын қорытындылау барысында өнеркәсіптік объектілердегі өрттерді сөндіру мүмкін болатын өрттердің сөндіру тактикасы туралы, және зауытта орналасқан технологиялық құрылығылардың техникалық мінездемесін, жұмыс жасау процесін жеке құрамға қосымша жеткізілді. Оқу-жаттығу басшысы өрт-тактикалық оқу- жаттығуларға оң баға беріп, жұмылдырылған құрылымдардың жеделдігін, кәсібилігін, сондай-ақ аталған тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...