13:02, 2 декабря 2019 г.
Надежный источник
Тұңғыш Президент күні Батыс өңірлік қолбасшылығының жас толымы әскери ант қабылдады
Мереке күні Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлімдерге 2019 жылдың күзінде шақырылған 700-ге жуық жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды City04.kz.
Қонақтар ретінде салтанатты шараға әскери қызметшілердің туған-туысқандары, Қарулы Күштердің ардагерлері, билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қонақтардың назарына жауынгерлік даярлық пәндері бойынша әскери қызметшілердің көрсетпелі көрсетілімдері ұсынылды. Әскери қызметшілердің туысқандары мен меймандар қызмет өткеру жағдайларымен танысты, бөлім қолбасшылығымен кездесті.
Рәсім әскери бөлімдердің аумағы және Жауынгерлік даңқ ескерткіштері алдындары мен қалалық саябақтарда өтті. Ақтөбе қаласында жас толымды сарбаздарды әскери антқа келтіру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Паркінде өтсе, ал Атырау қаласында Жеңіс саябағының аумағында өтті. Ақтау және Бейнеу елдімекендерінде іс-шара әскери бөлім аумағында өтті. Ант қабылдаған сарбаздардың ұзын саны 700-ге жетсе, оларды қолдауға еліміздің шет-шетінен 1500-ға жуық жақын-туысқандары келіп-жетті.
- Әскери ант – ер азаматтың ел алдында деген жоғары жауапкершілігін халықтың алдында адал ниетіне салтанатты түрде сендіруі мен уәде беруі болып табылады. Жаугершілік замандарда сарбаздар елдің еркіндігі, намысы үшін жан аямасқа серттесіп, қылыштың жүзін сүйіп ант берген. Ел қорғау міндетін өтерде ант беру салты қазір жаңа мазмұнмен байыды. Сіздер, бүгін Қарулы Күштердің қатарына кіре отыра, Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демдерін қалғанша адал болуға, Конституция мен заңдарды қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етесіздер, - деп «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров сарбаздарға сөз жолдады.
«Дәл осы мейрам күні ант қабылдау мен үшін зор құрмет. Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтағым келеді! Біз Отанымыздың игілігі үшін өзіміздің әскери борышымызды адал орындайтынымызға сенімді түрде айта аламын», - деді гвардия қатардағы жауынгер Владимир Колдин.
Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар ендігі кезекте жас мамандарды даярлау бағдарламасына сәйкес жауынгерлік үрдіске қол сұға кіріседі. Жарты жылдан соң олар әскери мамандық иесі атанып, артиллерияшы, танкіші, атқыш, байланысшы лауазымдарында толыққанды Отан қорғаушылар мәртебесіне ие болады.
Қазіргі уақытта әскерге дене бітімі шыныққан, білімді, моральдық тұрғыда тұрақты бозбалалар келеді. Ардагерлер мен әскери бөлімдердің командирлері олар даңқты жауынгерлік дәстүрдің лайықты ұрпағына айналып, Қазақстан Республикасына қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болатындарына кәміл сенеді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, Вчера
119
15:32, Вчера
13
live comments feed...
Комментарии