• Главная
  • Ақтөбе облысында кадрлық тағайындаулар болды
12:26, 4 декабря 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында кадрлық тағайындаулар болды

Ақтөбе облысында кадрлық тағайындаулар болды

4 желтоқсан күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Аппарат мәжілісінің отырысына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері бейне селекторлық байланыспен қатысты.

Жиын барысында аймақ басшысы көптеген жылдар бойы Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін абыройлы атқарған Абай Серікбайұлы Байжомартовты құрметті зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтап, естелік сыйлық табыстап, алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппарат жиынына қатысушыларды екі лауазымды орынға жаңадан тағайындалған басшылармен таныстырды.

Ақтөбе облысында кадрлық тағайындаулар болды, фото-1

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Төрағасының бұйрығымен Жұмамұрат Алдашев Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. Ж.Алдашев 1986 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «дәрігер» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1978 жылы «Алға» құс кеңшарының слесарі болып бастаған. Медицина ғылымдарының кандидаты. 1991-1993 жылдары Алға орталық аудандық ауруханасының интерні, Ресей медицина ғылымдарының академиясының «Хирургия ғылыми орталығы клиникасының» ординаторы, 1993-1998 жылдары Қарғалы аудандық және Ақтөбе қалалық ауруханаларында бас дәрігер лауазымдарын атқарған. 1998-2001 жылдары Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерінде еңбек еткен. 2002-2019 жылдары аралығында Ақтөбе облысы әкімі аппаратында бірқатар лауазымдарды атқарып келді.

Ақтөбе облысында кадрлық тағайындаулар болды, фото-2

«Kazah Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының және Ақтөбе облысы әкімінің бұйрығымен Нұрхан Тлеумұратов «Kazah Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның өңірлік директоры – Ақтөбе облысы әкімінің иннвестициялар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ол 2013, 2015 жылдары Халықаралық бизнес Университетінде «Экономика және бизнес» бакалавры, «Экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша білім алған. 2017 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Уорик (University of Warwick) Университетінде «Инновация және кәсіпкерлік» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2013-2019 жылдар аралығында «Ақтөбе облысының Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында» іс-жүргізу инспекторы, бас маман, аймақтық дамуды жоспарлау бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Жиын соңында облыс әкімі жаңадан тағайындалған басшыларға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...