• Главная
  • Ақтөбелік зияткерлер ұлттық тағамдарды ұлықтауда
16:17, 9 декабря 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік зияткерлер ұлттық тағамдарды ұлықтауда

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих, география және өзін-өзі тану кафедрасының ұйымдастыруымен 11 сыныптың қыз балаларына арналған «Ұлы Дала дәстүрінің жаңғыруы» атты шеберлік- сағаты өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығына түсініктер бере отырып жасалу жолдары көрсетілді. Шара барысында ұстаздар қазы айналдыру мен шұжық жасау технологиясын көрсетті, сүт өнімдерінен жасалған ұлттық тағамдардың тұрмыстық мәдениетіміздегі ізгілікті рухын сезіндірді.

– Қазақи тағамдарымызды дайындап үйрету арқылы дәстүрімізді жаңартамыз. Бізде бешбармақтан басқа ұлттық тағам көп екенін балаларға жеткізуіміз керек. Мысалы ұмытылып бара жатырған «Жау жүрек» тағамы құрамында күш беретін зат бар. Сондықтан оны ер адамдар мен жас балаларға береді, – дейді тарих мұғалімі Бибігүл Жакиева.

11 сынып оқушылары диірменнің тасында тарыдан талқан, бидайдан ұн жасап көрді. Нәтижесінде қолдары талып, олар бұл іс ермек емес, нанның шынайы еңбекпен келетінін ұғынғандай. Кафедра педагогтары табақ тарту рәсіміндегі ерекшеліктерді түсіндірді.

Әр табақтың өз орны, сыйы, кәдесі бар екенін жеткізді. ұннан жасалатын өнімдердің жасалу жолдарын үйретті. Табақ тартудың да түрлі тәртібі барына таң қалды қыз балалар.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #НОВОСТИ МИРА

Комментарии

Объявления
live comments feed...