• Главная
  • Ақтөбе облысы ҚХА делегациясы Темір ауданында болды
14:48, 13 декабря 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысы ҚХА делегациясы Темір ауданында болды

Ақтөбе облысы ҚХА делегациясы Темір ауданында болды

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық керуені аясында облыстық Ассамблея мүшелері Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды City04.kz.

Төңірегінде тұнған байлығы бар бұл ауданның халқы да қазақы дәстүрге сусындап өскен. Мұның барлығын аудан жұртшылығы ҚХА делегациясына қонақжайлылық танытып, ұлттық салт-дәстүрге негізделген іс-шаралары арқылы кеңінен таныстыра білді.

Аталмыш шараға Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы «Бірлік» ақсақалдар мен Аналар Кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен Темір ауданының тұрғындары қатысты. Жұмыс барысында Ассамблея өкілдері аудан орталығы болып саналатын Шұбарқұдық ауылында қоғамдық қабылдаулар өткізіп, халықпен кездесіп, сұхбаттасты. Іс-шарада облыстық ҚХА делегациясы әртүрлі топтарға бөлініп, жұмыстарын жүргізді. Аналар Кеңесінің мүшелері аудандық кітапханада отбасы құндылығы мен аналар мәртебесі, ұлттық дәстүрімізді негізге ала отырып болашақ ұрпақ тәрбиелеу туралы дөңгелек үстел өткізді.

Ал, «Бірлік» ақсақалдар Кеңесі аудан ақсақалдарымен кездесіп, оларды қоғамдық келісімді одан әрі нығайтудағы жұмыстарымен таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы белгіленген тапсырмалары шеңберінде пікір алмасты. Аудандық «Сана» білім беру орталығында кәсіби медиаторлар құқық қорғау органдарының қызметкерлері және тұрғындармен кездесті. Мұнда олар ауданда медиация кабинетін ашу мәселесін талқылып, медиаторлардың көмегімен дау-жанжалдарды сотқа дейін жеткізбей шешу қажеттілігі төңірегінде сөз қозғады.

№1 Шұбарқұдық мектеп гимназиясында Ақтөбе қаласындағы №35 мектебінің мұғалімі Т.Шоқпаров бабалар еліне саяхат жасап, шежірге толы ауданның байлығы мен қазыналы жерлерін таныстырса, «Азат» оқу орталығының жетекшісі Л.Бердібекова жасөспірімдерді шығармашылыққа тәрбиелеу, олардың қызығушылықтарын ояту туралы ойларымен бөлісті. Ал, №1 Шұбарқұдық мектеп гимназиясының технология пәнінің мғалімі Н.Джакибаев болса қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің құндылықтары, теріден жасалған бұйымдарды дайындаудағы тәжірибелерін айтып, қазақтың салт-дәстүрін, бұйымдарын насихаттау керектігіне тоқталды.

Бұдан әрі, аудандық мәдениет үйінде «Бес жақсы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, мерекелік кеш өтті. Концерттік бағдарламада облыстық украиндердің «Оксана» ұлттық мәдени орталығының шығармашылық ұжымы өз өнерлерін көрсетіп, темірліктерге әннен шашу шашты. Мәдениет үйінің өнерпаздары да қазақтың салт-дәстүрлерін таныстырып, қойылым көрсетті.

Бұл бірлескен іс-шара барысында ұлтаралық достық қарым-қатынастың өркендеуіне, ұрпақ тәрбиесіне, ел ішіндегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында белсене жұмыс жасап келе жатқан және қайырымдылық жасап, көпке көмегін аямаған Темір ауданының азаматтары облыстық ҚХА атынан алғыс хатпен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...