• Главная
  • Сырт киімі ұқсас болғандықтан ұсталған "қылмыскерден" полиция басшысы кешірім сұрады
13:54, 19 декабря 2019 г.
Надежный источник

Сырт киімі ұқсас болғандықтан ұсталған "қылмыскерден" полиция басшысы кешірім сұрады

Сырт киімі ұқсас болғандықтан ұсталған "қылмыскерден" полиция басшысы кешірім сұрады

Күдікті ретінде ұсталынып әкелген Ш.Нұрлан есімді азамат полиция қызметкерлері алдында ақ болып, құқық қорғау органдарының кешіріміне ие болды, деп хабарлайды City04.kz.

12-17 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жеке құрамы аса ауыр қылмысты ашуға жұмылдырылған, оның барысында қылмыс жасау ауданы пысықталып, сондай-ақ күдікті адаммен сыртқы белгілері (киім, бет пішіні) бойынша ұқсас адамдар тексеру мақсатында полиция бөліміне жеткізілген. Куәгер ретінде тергеуге алынған қала тұрғыны, азамат Ш.Нұрланның куә ретінде жауап алынды, қылмысқа қатысы жоқтығы тексеріліп, дәлелденген соң, босатылды.

Сырт киімі ұқсас болғандықтан ұсталған "қылмыскерден" полиция басшысы кешірім сұрады, фото-1

Оның полиция бөліміне жеткізілуі себебі, сыртқы киім ұқсастығы себеп болды. Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов азамат Ш.Нұрланмен жеке кездесіп, жағдайды түсіндіріп, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Сондай-ақ ол азаматтың суреттерін әлеуметтік желілерде таратқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылады деп сендірді.

- Мен полиция қызметкерлерінің ауыр қылмысты ашумен айналысқанын түсінемін, алайда менің фотосуреттерім әлеуметтік желілерде таралып жатқандығына қатты қынжылдым. Полиция департаментінің бастығы кінәлілерді тауып, жазалайтынына уәде берді, - деді Ш.Нұрлан.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...