16:10, 25 декабря 2019 г.
Надежный источник

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу

Қобда ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп жаңа жылдық іс-шараларды өткізу жоспарланған білім беру объектілеріне алдын алу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды City04.kz.

Адамдар көп жиналатын объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады. Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында бұл жұмысқа жоғары көңіл бөлінеді.

Жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында жүргізілетін жұмыстар аса қажетті шаралардың бірі болып табылады.

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу, фото-1

Осылайша, Қобда ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп жаңа жылдық іс-шараларды өткізу жоспарланған білім беру объектілеріне алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Түсіндіру жұмыстарын өткізу кезінде эвакуациялау жолдарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне, қосалқы және эвакуациялық шығу есіктерінің еркін ашылуына, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы және жарамдылығына ерекше көңіл бөлінеді.

Мектеп және балабақша қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт кезіндегі іс-әрекеттер және алғашқы өрт сөндіру құралдары туралы қосымша нұсқаулықтар өткізілді, өрт сөндіруге әкелетін ғимараттар мен үй- жайлардың ішінде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға жол бермеу талаптары туралы да түсіндірілді.

Бүгінгі күні 10 жаңа жылдық іс-шараларды өткізу орны тексеріліп, 67 адамға нұсқау берілді. Жақын арада барлық жаңа жылдық нысандарда профилактикалық тексерулер өтетін болады.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қобда ауданының ТЖБ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...