14:55, 25 декабря 2019 г.
Надежный источник
Ақтөбеде Antikor ortalyǵy ашылды
25 желтоқсан, күні Ақтөбеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жанында орналасқан «Antıkor ortalyǵy» сервистік ғимараты ашылды, деп хабарлайды City04.kz.
Қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, облыс азаматтарына консультациялық қолдау көрсетуге арналған орталықтың ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, жобалық кеңсе жұмысшылары , ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшелері қатысты.Жаңа ғимаратты аралап, орталықтың ұжымымен кездесті.
"Antikor ortalyǵyның" қоғамдағы рөлін талқылауға арналаған жиын өтіп, келушілер орталықтың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
- Ең бастысы тұрғындарға қызмет көрсетуі, ашықтық, жариялылық мәселесі халық пен билікті жақындата түседі. Ақтөбеліктер сервистік орталықтың игілігін көреді деген сенімдемін,- деп атап өтті аймақ басшысы.
Сервистік орталықтың бірінші қабатында күту залы, балаларға арналған бұрыш, Департамент пен «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық және заңгерлік көмек көрсетуге арналған ашық кабинеттер орналасқан.Ал екінші қабатта брифинг-зал, жиналыстарға арналған блок және кәсіпкерлер мен инвесторлар қызметтеріне заңсыз араласу фактілері мен сыбайлас жемқорлық көріністерінен кепілді қорғауға жүгіне алатын «Protecting business and investments» жобасының кеңсесі орналасқан.
Естеріңізге сала кетсек, аталған жоба аясында бизнесті парасатты жүргізу жөніндегі 30 келісімге қол қойылып, 4 трлн. 177 млрд. теңге сомасынан асатын қаражат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қорғауына алынған болатын.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен айқындаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету тапсырмасы аясында Агенттік Төрағасымен облыс басшысы Оңдасын Оразалин азаматтарды қабылдап, ауылшаруашылық, құқықтық мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
- Барлық өтініштер жеке бақылауға алынды. Мұқият зерттеуді қажет ететін айқын кейстер бар. Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне нақты тапсырмалар берілді және әрбір өтінішті егжей – тегжейлі қарастырып, орын алған жағдайдың шешімін табу қажет, - деді Алик Шпекбаев.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
15:32, Вчера
13
live comments feed...
Комментарии