• Главная
  • Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған
16:30, 27 декабря 2019 г.
Надежный источник

Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған

Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған

Ізгілікті ту еткен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Арнайы мониторнгтік топ өкілдері  жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе қаласының «Үміт» балалар үйінің 50ден астам тәрбиенушілеріне мерекелік сыйлықтарын табыстады, деп хабарлайды City04.kz.

Өкінішке орай, өмірімізде балаларын қараусыз қалдыратын ата-аналар бар. Ондай балалар көбісі айналадағы адамдарға сенімі аз, өздерінің тастанды екендерін өте қатты сезінеді. Бұның себебі — балаға тек қана ана бере алатын, шексіз, риясыз махабаттың жетіспеуінде.

 Мерекелік шара барысында «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Тұртаев және арнайы мониторингтік топ өкілі М.Сағындықова сәбилерді және балалар үйінің ұжымын жаңа жылдарымен шын жүректен құттықтап, келер жылдың тек жақсы жаналықтарға толы болуын тіледі. 

Департаменттің бұндай шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты бүлдіршіндердің көңілін көтеру, мейірімге бөлеп, қуанышты сәттерді сыйлау болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #ЖЕТІМДЕР ҮЙІ #АНТИКОРРУПЦИОННАЯ СЛУЖБА #СӘБИ БАҚЫТЫ

Комментарии

Объявления
live comments feed...