12:15, 1 января 2020 г.
Надежный источник
Жаңа жылдың алғашқы күні облыс әкімі 100 жасқа толған әжейді құттықтады
1- қаңтар күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 100 жасқа толған ақтөбелік Алуа Ержанованың шаңырағында болды, деп хабарлайды City04.kz.
Ғасыр жасаған қарияның туған күнімен құттықтап ыстық ықыласын жеткізді.
- Жаңа жылдың алғашқы күні толған 100 жасыңызбен құттықтаймын. 21 немере, 45 шөбере 1 шөпшегіңіздің ортасында бақытты да баянды ғұмыр кешіп отырған сіздей аяулы жанды ең бақытты адам деп айтар едім, сіздің өмір жолыңыз қазіргі жастарға үлгі боларлық,- деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі Алуа Ержановаға ықылас гүлін, Ақтөбенің 150 жылдығы құрметіне мерекелік медалін табыстады.
100 жасқа толған әже туған жері Жаңажұрт ауылында ауылшаруашылық саласында еңбек еткен. 1941-1945 жылдардағы еңбек майданының ардагері.
Ұлы Отан Соғыс жылдарынан кейін Ақырап орта мектебінде кіші қызметкер ретінде жұмыс атқарып, сол мекемеден еңбегі еленіп, зейнеткерлікке шыққан.
Жолдасы Ержанов Мұқан 1911 жылы дүниеге келген. 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Ұлы Отан Соғыс ардагері атанды. 1965 жылы дүниеден өткен. Ержановтар отбасы 6 баланы дүниеге әкеліп, қазіргі таңда 4 баладан (2 баласы қайтыс болған) 21 немере, 45 шөбере, 1 шөпшек тәрбиелеуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
20:49, 17 ноября
live comments feed...
Комментарии