• Главная
  • Аналар кеңесі "Дәстүр мектебі" жобасының ашылуына қатысты
10:33, 9 января 2020 г.
Надежный источник

Аналар кеңесі "Дәстүр мектебі" жобасының ашылуына қатысты

Аналар кеңесі "Дәстүр мектебі" жобасының ашылуына қатысты

8 қаңтар күні облыстық ҚХА жанындағы Аналар Кеңесі және«Азат» оқу орталығының ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрлерімізді ұрпаққа үйрету мақсатында Дәстүр мектебі ашылды, деп хабарлайды City04.kz.

Аталмыш мектептің жұмысының негізгі бағыты – бабадан қалған салт-дәстүрімізді негізге ала отырып жас ұрпақты тәрбиелеу. Қолөнер бұйымдарын жасаумен қатар оқушыларды білімге, өнерге баулу.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Н.Ағниязов, оқушыларға білім берумен қатар, тағылымды ұлттық-тәрбие беруде, бұл мектептің де өзіндік маңызы бар деп ұжымның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ІІІ кезеңінің үміткері болған,Республикалық «Алтын оймақ» жобасының жеңімпазы, дизайнер А.Мазинова, кішкентай қызы Айгерімнің қолымен киізденпішіп-тігілген киімдерді көрсетіп, оның жасалу жолдарын да айтып өтті.

Іс-шара барысында Ассамблея жанындағы Аналар Кеңесінің мүшелері де өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, бүгінде Аналар Кеңесінің жетекшілігімен «Анаға тағзым», «Құрақ көрпе» сияқты жобалар жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, ашық микрофон форматында өткен шарада әлемді бесік жырымен әлдилейтін аяулы аналар қауымы жас дизайнер - Әйгерімге ақ баталарын берді.

Облыстық медиация кеңесінің мүшесі, көпбалалы ана Б.Әбілдаева ұлтты тәрбиелеу - отбасынан бастау алады деп, шаңырақтың берекесін берік ұстау анаға байланыстыдеп жас аналарға ақыл-кеңестерін айтты.

Сондай-ақ,салтанатты шарада облыстық мәдениет басқармасыныңбас маманы О.Сәулебай құттықтау сөз алып, «Азат» оқу орталығының жетекшісі Л.Бердібековаға алғысын жеткізді.

Ұлттық дәстүріміздің асыл қазынасы болған қазақ халқының қолөнер бұйымдары көрсетілген көрмеде Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі Е.Абилов өз жұмыстарын таныстырды.

Одан әрі шара «Дәстүр» мектебінің шәкірттерінің дайындағаншағын музыкалық бағдарламасымен жалғасты.

Айта кетейік, білім мен өнерге деген талпыныстарын жетілдіріп, «Дәстүр» мектебінің шәкірті атануға қызығушылық танытқандарыңыз болса 87075032027 нөміріне хабарласуға немесе uchebnyi_centre_azat парақшасына жазуларыңызға болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...