• Главная
  • Парламент депутаттары Ақтөбе өңірінің әлеуметтік саласын жоғары бағалады
14:17, 10 января 2020 г.
Надежный источник

Парламент депутаттары Ақтөбе өңірінің әлеуметтік саласын жоғары бағалады

Парламент депутаттары Ақтөбе өңірінің әлеуметтік саласын жоғары бағалады

10 қаңтар, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Марат Тағымов, Мұхтар Жұмағазиевпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Асылбек Смағұлов, Құралай Қарекен, Дания Еспаева Сергей Симоновпен кездесті, деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе өңіріне жасаған бір апталық жұмыс сапарларын қорытындылаған мәжіліс депутаттары облыс басшысына атқарылған жұмыстар үшін разылықтарын білдірді. Халық қалаулылары Алға, Мәртөк, Қобда аудандарындағы шалғай ауылдарда болып тұрғындармен кездескен.

- Алыстағы ауылдарда болып халықтың жағдайларын білдік. Салыстырмалы түрде қарағанда тұрындардың тұрмыс-тіршілігі жақсы. Ақтөбе өңірінде атқарылып жатқан игі жұмыстар үшін өзіңізге алғыс білдіреміз,-деді Марат Тағымов.

Парламент депутаттары Ақтөбе өңірінің әлеуметтік саласын жоғары бағалады, фото-1

Аймақ басшысы алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірқатар мәселелер бойынша жұмыстар жасалып жатқандығын айтты . Жуық арада көгілдір отын, интернет желісімен қамту мәселелері жүйелі түрде оң шешімін табатындығын жеткізді.

- Елді мекендерді аралап, халықтың мәселесін тыңдағандарыңыз үшін әлеуметтік ахуалмен танысқандарыңызға рахметіміді айтамын. Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына жасаған іс-сапарынан кейін өңірде көптеген жұмыстар атқарылып, әлеуметтік проблемалардың шешілуіне ерекше көңіл бөлінді, - деді Оңдасын Оразалин

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА

Комментарии

Объявления
live comments feed...