• Главная
  • Шетелден алған көліктерін заңдастыру бойынша талап етуші ақтөбеліктер әкімдікке барды
15:18, 20 января 2020 г.
Надежный источник

Шетелден алған көліктерін заңдастыру бойынша талап етуші ақтөбеліктер әкімдікке барды

Шетелден алған көліктерін заңдастыру бойынша талап етуші ақтөбеліктер әкімдікке барды

Шетелден алған көліктерін заңдастыру кезінде жеңілдік жасауды талап етуші ақтөбеліктер 19 қаңтар күні бір топ қала әкімдігіне, екі топ облыс әкімдігіне барды.

Қазақстан үкіметі биылдан бастап елде жүрген армениялық, қырғызстандық, ресейлік нөмері бар көліктерді "заңға сай тіркеу керегін" мәлімдеген. Шетелден көлік алғандар тіркеу шығының тым қымбат екенін айтады. Билік тіркелмеген көліктер заң бұзса, жазадан құтылып кетеді деп санайды

Ақтөбе қаласы әкімдігіндегі жиында бастамашыл топ өкілі Әнуар Жаңбыров ақтөбеліктер атынан президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа петиция дайындап жатқандарын айтты. Петицияға қол қоюшылар үкіметке шетелден алынған көліктер мәселені шешудің екі жолын ұсынып отыр.
.
- Еуразия экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерде тіркеліп, Қазақстан аумағында жүрген көліктерге легализация жасалсын. Немесе Қазақстан үкіметі арнайы қаулы қабылдап, азаматтардың ЕАЭО-қа мүше елдерден әкелген көліктерін әбден тозғанша пайдалануына мүмкіндік берсін, - деді Әнуар Жаңбыров.

Өздерін "бастамашыл топ мүшелері" деп атаған он шақты адаммен қала әкімі Мавр Абдуллин, Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиев, салық және кеден саласының өкілдері кездесті.

Ақтөбе қалалық салық басқармасы басшысының орынбасары Дамир Көбеновтің сөзінше, автокөліктерді тіркеу алымының мөлшері Қазақстанның Салық кодексіндегі көрсетілген. Бұл алым көліктің зауыттан шығарылған жылына байланысты бекітілген айлық есептік көрсеткішпен төленеді (Шыққанына үш жыл толмаған көлікке елу айлық есептік көрсеткіш – 125 мың теңге, үш жылдан асқан көлікке 500 АЕК, яғни 1 миллион 125 мың теңге төлейді – Ред.). Қала әкімі Мавр Абдуллин "Заңның аты-заң, ол орындалуы керек" деді.

Әкім бастамашыл топтың ұсынысын Нұр-Сұлтанға жолдауға әзір екенін айтты.
.
- 2015 жылдан бері осындай көліктерді ел аумағына кіргізгеніміз біздің де кінәміз шығар. Дер кезінде көңіл бөлгенде бұл жағдай болмас та еді. Бірақ бұл айқай-шумен шешілетін мәселе емес. "Жолды жабамыз", "көшеге шығамыз" деушілерге заңға сәйкес күш қолданамыз, - деді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #МАВР АБДУЛЛИН #ОНДАСЫН ОРАЗАЛИН

Комментарии

Объявления
live comments feed...